Қостанай облысы биыл ақпараттық саясатқа 570 млн теңге жұмсапты

БАҚ бетінде жиі көріне бермейтін Қостанай облысы әкімі Аримед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есептік кездесуде облыстың мемлекеттік ақпараттық саясатқа бөлетін қаржы көлемі жайында айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасы бойынша жергілікті атқарушы орган жиі сынға қалып жатады. Осы орайда Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов жеке пиарынан гөрі қоғамдық-саяси ахуалды халыққа түсіндіру маңызды деп санайтындығын жеткізді.

Өзімізді көрсетпей, халыққа жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру керек. Олардың өздерінің басымдықтары бар. Жаңа айтқанымдай, коронавирус пандемиясы кезінде шағын және орта бизнес кезінде қолдау көрсету бойынша бірқатар бағдарламалар қабылданды. «Бизнестің жол картасы 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» дегендей. 118 мерзімді баспасөз бен телеарналар бар. Соларды қамту үшін жылына 570 млн теңге бөлеміз, — деді ол.

«Бұл жыл сайын бөлінетін қаржы ма?» деген журналистің нақтылай сұраған сауалына облыс әкімі былай деп жауап берді:

Бөлінетін қаржы көлемі өсіп жатқан жоқ. Біздің облысымыз көп қаржы бөлмейді. Нақты, керекті, өзекті материалдарды орналастырамыз. 2021 жылы 570 млн теңге бөлдік.

 

фото: «Наша газета»

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *