Қостанай облысындағы өртке адами фактор себеп болған – ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы алапат өртке адами фактор себеп болғанын айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Министрдің сөзінше, табиғи тұтану нұсқасы толығымен жоққа шығарылған.

Оқи отырыңыз: «Бәрі де мүмкін»: Қошанов Қостанайдағы өрт әдейі ұйымдастырылды ма деген сұраққа жауап берді

Өрттің қасақана немесе абайсызда тұтанғанын құзырлы органдар анықтайды. Табиғи тұтану нұсқасы толығымен алынып тасталды, – деді Юрий Ильин.

Еске салайық, қыркүйектің басында Қостанай облысында алап өрт басталып, бір адам көз жұмған еді. Сонымен қатар 100-ге жуық тұрғынның үйі отқа оранған. Ал өрттің жалпы ауданы 43 мың гектарға жеткен.

Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

«Нурикамал» әнінің шығу тарихы туралы

Біздің қоғам қызық қоғам, бүк не шік дейді, орысша айтқанда «золотая середина» дегенді қабылдай алмайды. ...