Рудныйда жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан топ ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан бір топ адамды анықтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс аумағында жалған валютаны кезекті рет сатуға әрекеттенген қылмыскерлер Рудный қаласында ұсталған.

Ұстау кезінде оларда жалған шетел валютасы бар екені анықталды.

Қылмысқа қатысушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ірі көлемдегі жалған ақша табылды.

Тәркіленген жалған қаражаттың жалпы сомасы 28 100 АҚШ долларынан асты.

Заң бұзушылар ұсталды, тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды, — делінген хабарламада.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...