ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті KZobmen.com, 1WM.KZ, Kazobmen.ru, WM007.KZ, KZ-EXCHANGE.COM крипто айырбастау пункттері арқылы АХҚО алаңынан тыс, цифрлық активтермен тыйым салынған, аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған азаматтардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Жүргізілген жедел іс-шаралара нәтижесінде 6 мекенжай бойынша санкцияланған тінту жүргізілді, оның барысында жоғарыда көрсетілген крипто айырбастау пункттерінің ұйымдастырушыларын әшкерелейтін заттар: ноутбуктер, моноблоктар, ұялы телефондар, банктік және бухгалтерлік құжаттар, қылмыстық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын криптоәмиян кілттері (флэш-карталар) алынды. Binance платформасында 2 крипто әмиянда 6 000 АҚШ доллары көлеміндегі криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеулер орнатылды.
Басқа криптобиржаларда орналасқан тағы 200 000 доллардан астам криптоактивтер табылды.
Фото: vedomosti.ru