Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайға жұмыс сапары барысында Лисаков қаласындағы балаларға арналған «Алақай» отбасылық демалыс орталығына барды. Мұнда балаларға арналған батут орталығы, тұз шахтасы, сондай-ақ әртүрлі ойын-сауық, демалыс орындары қарастырылған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Орталық директоры Любовь Захарова ұзақ жылдар бойы білім саласында еңбек етіп келе жатқанын және өзінің жеке кәсібін 2014 жылы 180 балаға арналған ...
Толығырақ »21.01.2023
Мемлекет басшысы Лисаков қаласының жылу орталығына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында «Лисаковскгоркоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қарасты жылу электр орталығына барды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысына жылу орталығының жабдықталуы мен қаланың коммуналдық инфрақұрылымының қазіргі жағдайы жөнінде мәлімет берілді. «Лисаковскгоркоммунэнерго» кәсіпорнының меншігінде Лисаков қаласын жылумен қамтамасыз ететін орталық қазандық және қалаға жақын Октябрь кентінде орналасқан екі блокты-модульды қазандық бар. Лисаков ...
Толығырақ »Тоқаев Қостанайда Kia автомобильдерінің шағын тораптық өндірісін (CKD) іске қосты (ФОТО)
Президент Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Allur автомобиль зауытына барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорын жұмысы таныстырылып, алдағы жоспары баяндалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Зауыт басшылығының айтуынша, былтыр 614,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылы зауыт құны 21,5 миллиард теңге болатын өнім экспорттады. Кәсіпорында 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді.Allur автомобиль зауытының жаңадан іске қосылған желісі Kia Sportage ...
Толығырақ »Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Соколов кен орнына барды
Президент «Соколов-Cарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» (ССКӨБ) акционерлік қоғамына барып, Соколов кен орнының жұмысымен танысты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері – темір рудаларын ашық және жер астында өндіру, құрамында темірі бар шекемтастар мен концентраттар және тауарлық доломит өндіру. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 26 миллион тонна кен өндірілді, тауар өнімінің көлемі 10 миллион тоннадан ...
Толығырақ »Президент Рудный қаласындағы құс фабрикасына барды
Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Рудный қаласындағы «Жас-Қанат 2006» ЖШС-не қарасты құс фабрикасына барып, құс шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу жөніндегі пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Цехты аралау барысында Президентке компанияның қызметі туралы мәлімет берілді. Құс фабрикасында өндірілетін өнім еліміздің барлық өңірлерінде сатылады, сондай-ақ ТМД елдеріне экспортталады. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, ...
Толығырақ »Президент Рудный қаласының тұрғындарымен кездесті
Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ең алдымен, Рудный қаласындағы жылу құбырының жарылу салдарымен танысып, қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы өңір басшылығының баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды tobyl-torgai Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Қала әкімі Қуандық Испергеновтің айтуынша, қазіргі уақытта құбырлар ішінара қалпына келтірілген. Сондай-ақ топырақ төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкім жақын арада қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталатынын мәлімдеді. – ...
Толығырақ »