Бұл сұраққа СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Техникалық реттеу және метрология комитетіне қоғам қайраткерлері, ғалымдардан бірқатар облыста сағат белдеуін өзгерту мүмкіндігін қарастыру туралы өтініштер бірнеше мәрте келіп түсті. Соның ішінде Қостанай облысы да бар. Осы мәселені қарастыру бойынша бірқатар тапсырма болды. Сондықтан ведомствоаралық жұмыс тобының жұмысы жанданады. Оған барлық мүдделі мемлекеттік органдардың басшылық құрамы кіретін болады, — деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сондай-ақ Қуаныш Елікбаев жұмыс тобында бұл мәселе қарастырылатынын айтты.
Егер уақыт белдеуін қайта қарау мәселесін шешу үшін ғылыми негіздеме мен басқа факторлар болса, онда бұл ұсыныс Үкіметке енгізіледі, — деді Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы.
Фото: ашық дереккөз