16.02.2023

Қостанайда колледж студенті оқу орнына пышақпен келген

Қостанай қаласындағы Жоғары политехникалық колледждің күзетшісі металл іздейтін құралдың көмегімен қалтасына пышақ салып алған студентті ұстады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Polisia.kz-тің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы пышақты тәркілеп, 18 жасар студентті полиция басқармасына апарған. Анықталғанындай, студент басқа колледжде оқиды, бұл оқу орнына іс-шараға келген. Ол ата-анасына үй шаруашылығында көмектескенін айтып, содан кейін пышақтың сырт киімінде қалғанын, заттың салмағы аз болғандықтан, ...

Толығырақ »

Fly Arystan Қостанайға ұшатын рейстердің тең жартысын екі айға қысқартып тастады

Fly Arystan әуекомпаниясы биыл қаңтар-ақпан айларында Қостанай әуежайынан ұшатын рейстердің тең жартысын қысқартты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Наша газета» басылымына сілтеме жасап. Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері газет тілшілеріне берген мәліметінде 2023 жылы әуекомпания Астана — Қостанай — Астана, Алматы — Қостанай — Алматы бағыттары бойынша жолаушыларға күнделікті қызмет көрсететінін жариялаған. Биыл қаңтарда Астанаға рейстерді орындауға бұрын ...

Толығырақ »