Қостанай облысындағы 37 елді мекенді су басу қаупі бар

Биыл көктемгі тасқын кезінде Қостанай облысының оңтүстігіндегі 37 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін, деп хабарлады Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар қызметі осындай болжам жасап отыр. Бұған қар мол түсіп, жердің тоңы қалың қатуы себеп. Бұл ауылдарда барлығы 800 үй, 3 мыңнан аса тұрғын бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Оқи отырыңыз: Биыл Қостанай облысында су тасқыны бола ма? – «Қазгидромет» болжамы

Қостанай облысында сағат белдеуі қашан ауысады?

Әйтсе де бәрі көктемгі ауа райын байланысты, — дейді мамандар.

Егер қар баяу ерісе, тасқынның да екпіні қатты болмайды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «қандай жағдайға да, сақадай саймыз» деп отыр.

Өзіміздің дайындығымызды, әзірлігімізді тексердік. Қоймадағы техникаларды да тексеруден өткіздік. Бәрі дайын. Тағы облыс әкімінің тапсырмасымен сол жақтарға ауыр техникаларды алдын ала жіберу туралы жоспарымыз бар, — дейді облыстық ТЖД басшысының орынбасары.

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...