Қостанайлық шенеуніктер жәндік улайтын 8 литр қоспаны 2 млрд теңгеге сатып алмақ болған

Қостанай облысында зиянды жәндіктерді улауға арналған 8 литр химиялық қоспаны 2 млрд теңгеден астам қаржыға сатып алмақ болған мемлекеттік органның әрекетіне шектеу қойылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаңтар айында Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті талдау жұмысын жүргізген.

Оның нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы комитеттің бірінен инсектицид сатып алу бағасын негізсіз көтеру белгілерін анықтады.

Атап айтқанда, мемлекеттік орган 2 млрд 127 млн теңгеден астам сомаға 8 литр инсектицид (зиянды жәндіктерді улауға арналған химиялық қоспа – ред.) сатып алуды жоспарлаған. Бұл ретте, лоттың техникалық негіздемесінде инсектицидтер түрлі аумақтарды өңдеу үшін қажет екені жазылған, — деп Антикордың баспасөз қызметі.

Фото: kontrmera.ru

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...