Қостанай облысында жылу құбырларының 57% әбден тозған

Қостанай облысы бойынша жалпы ұзындығы 810 шақырым жылу желісінің 57 пайызы тозған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соның ішінде ең төменгі көрсеткіш Лисаков қаласында. Мұнда 112 шақырым желінің 41 пайызы жаңартуды қажет етеді.

Ал ең жоғарғы көрсеткіш Арқалық қаласында. Небәрі 35 шақырымға созылған құбырдың 90 пайызы шіріп тұр. Оны жаңартудың үш жылға межеленген жобасы бар деп жазады qazaqstan.tv.

Жалпы былтыр облыста барлығы 19 шақырым жылу желісі қайта тартылған. Биыл осы бағытта тағы 5 жобаны жүзеге асыруға 8,6 млдр теңге бөлініпті.

Биыл қаңтар айында, республикалық бюджеттен қаржы қарастыруға 9 жоба ұсындық. Жалпы құны 17,1 млдр теңге тұрады. Бұл жобалар жүзеге асса желілердің тозу көрсеткішін 57 пайыздан 55 пайызға төмендетуге болады, — дейді Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алмат Ғаппасов.

Фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Ұлытауда болдың ба, ұлар етін жедің бе?

немесе Ұлытау саяхаты туралы Аяқ астынан сапарға шықтым.. Биылғы жоспар Талдықорған шаһары болатын. Бірақ, жақында ...