Қостанай облысында жол-көлік апаты салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Соның салдарынан ВАЗ көлігінің 30 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы ауруханаға жатқызылды, — делінген хабарламада.
Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабында көзделген «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: ашық дереккөз