«Жылдамдықты асырды»: Қостанайда эвакуатордағы көлікке айыппұл салынған

Қостанайда эвакуаторға тиелген жеңіл көлікке айыппұл салынған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Наша газета» басылымының Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 12 ақпанда болған. Көлік иесінің айтуынша, әйелге жылдамдықты асырғаны үшін екі рет айыппұл салынған. Алайда жол қозғалысы ережесін бұзды деген уақытта көлік бір нүктеден екінші нүктеге тасымалдайтын эвакуатордың үсітнде болған. Оның үстіне бұны камераның өзі де түсіріп алған.

Түбіртекте көлік бірінші айыппұлда сағатына 13 шақырымға, екіншісінде 12 шақырымға жылдамдықты асырғаны көрсетілген. Әрбір тәртіп бұзу үшін айыппұл 17 250 теңге болады. Бұл ретте айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге болады. Онда сома 8625 теңге болады, — деп жазады басылым.

Фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...