Fly Arystan Қостанайға ұшатын рейстердің тең жартысын екі айға қысқартып тастады

Fly Arystan әуекомпаниясы биыл қаңтар-ақпан айларында Қостанай әуежайынан ұшатын рейстердің тең жартысын қысқартты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері газет тілшілеріне берген мәліметінде 2023 жылы әуекомпания Астана — Қостанай — Астана, Алматы — Қостанай — Алматы бағыттары бойынша жолаушыларға күнделікті қызмет көрсететінін жариялаған.

Биыл қаңтарда Астанаға рейстерді орындауға бұрын расталған слоттардан 10 рейс, Алматыға — 7 рейс тоқтатылды. Ақпан соңына дейін Астанаға 16 рейс және Алматыға 16 рейс тоқтатылды. 2023 жылы қаңтар-ақпанда жоспарланған 118 рейстің барлығы 49 рейс тоқтатылды. Әуекомпания рейстердің тоқтатылуының себебін «өндірістік себептерге және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге» сілтеме жасады, — деді басқарма басшысы Олжас Нұрғалиев «Наша газета» басылымына берген сұхбатында.

«Рейстердің тоқтатылуы әуежайдың имиджіне де, жолаушылардың әуетасымалдау қажеттілігіне де кері әсерін тигізеді. Жолаушылар әуетасымалдау саласында сапалы қызмет ала алмайды. Рейстерді тоқтату рейсті таңдауда баламаның болмауынан жолаушыларға сапарларды, іссапарларды және т.б. жоспарлау кезінде қолайсыздықтар туғызды. Жолаушы тоқтатылған рейстерге билеттер үшін қаражатты қайтаруды талап етуге құқылы, алайда мұндай мәліметтер тек Fly Arystan әуекомпаниясына ғана белгілі «, — деп толықтырды Нұрғалиев.

Фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...