Қостанай облысының тұрғындары үдере көшіп жатыр

Солтүстік, шығыс, орталық өңірлерден халықтың үздіксіз көшуі ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Бұл туралы Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Серік Шайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

2010-2020 жылдар аралығында ішкі көші-қон ағыны есебінен халықтың өсуі Ақтөбе облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалды. Аталған өңірлерде ел халқының 36%-ы тұрады. Сонымен қатар, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан халық жүйелі түрде көшіп жатыр. Мұның бәрі, сайып келгенде, өңірлер арасындағы елеулі әлеуметтік және экономикалық теңгерімсіздіктерге ғана емес, сондай-ақ елді мекендердің, әсіресе шекара маңы облыстарының әлсіз қоныстануына байланысты ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің туындауына алып келеді, — деді сенатор.

Сенатордың сөзінше, өңірлерде жұмыс орындарын ашу және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жақын арада орталық және жергілікті билік үшін басым міндет болуға тиіс.

Бұл жұмыс, ең алдымен өңірлік стандарттар жүйесіне байланыстырылып, қала мен ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік және инженерлік-техникалық инфрақұрылымның қолжетімділігі төмен стандарты бойныша жүргізілуге тиіс. 2019 жылдан бастап қолданылып келе жатқан өңірлік стандарттар жүйесі қайта қарауды талап етеді деп есептейміз. Өйткені, ауылдық елді мекендер үшін бекітілген объектілер мен қызметтер тізбесі ветеринариялық пункт, мал қорымдары, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары сияқты маңызды орындарды көздемейді, — деді Серік Шайдаров.

Айта кетейік, былтыр көшіп келушілер саны жөніне ел өңірлері арасында Алматы қайтадан көш бастады. Шаһарға өзге аймақтардан 35,3 мың адам қоныс аударған.

Фото: ҚазАқпарат

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...