Қостанай әуежайы сатылымға шығарылды

Қостанай қаласындағы Kostanay Airport халықаралық әуежайы сатылымға қойылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Бұл туралы ақпарат әуежайдың ресми сайтында пайда болды.

Әуежай қаладан екі шақырым жерде орналасқан. Қазір ол Қостанай облысы әкімдігінің меншігінде тұр. Әуежайдан жылына 1 700 рейс жасалады. Рейстерді 200 мыңнан астам адам пайдалана алады.

Қостанайда алғашқы әуежай 1937 жылы салынған болатын. Қазіргі әуежай алғашқы кезде көлік авиация полкіне қызмет етті. Одан кейін 2018 – 2019 жылдары қайта жөндеу жұмысы жасалып, ұшақтың ұшу-қону жолағының ұзындығы 300 метрден 2 814 метрге дейін ұзарып, ені 60 метрге дейін кеңейіп, жолаушыларға қызмет ете бастады.

Фото: ҚазАқпарат

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...