Қостанай облысында ер адамды өз туысы өлтіріп кеткен

Қостанай облысында 40 жастағы ер адамды өз туысы өлтіріп кеткен, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

 Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 18 ақпанда болған.

Таңғы сағатт 5.00 шамасында бас жарақатымен 40 жастағы ер адам аудандық ауруханаға түсіп, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Белгілі болғандай, сол күні оның 23 жастағы алыс туысы жәбірленушіге қонаққа келген. Олардың арасында жанжал туындап, соның салдарынан ауыр жарақат алған 40 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген, — делінген хабарламада.

Күдікті қылмыс орнында ұсталды.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...