Таспа

Қостанайлық шаруаларға жер жетпей жатыр

Қостанай облысы әкімдігінің хабарлауынша, өңірде 1,3 млн га жайылым бар. Бұл жер қосалқы үй шаруашылықтарындағы мал жаюға пайдаланылып отыр. Бұл жер көлемі жетпейді, тапшылық 1 млн га., деп хабарлады tobyl-torgai.kz. 

Аудан әкімдіктері осы мәселені шешу үшін 2022 жылы мемлекеттік қордағы 527,9 мың га жерді халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін олардың жеке ауласын күтіп ұстау бойынша резервте қалдыру жұмыстарын жүргізді, – дейді облыс әкімдігі.

Одан бөлек 2022 жылы 518,2 мың га жер мемлекетке қайтарылып, оның 224,1 мың гектары айналымға берілген.

2023 жылы пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып алынған 330 мың га жер мемлекет меншігіне өтпек.

Фото: kostanay.etagi.com

Мынаны да қараңыз

Ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы ауқымды мәселеге айналды — Амандық Әмірхамзин

Астанада өткен «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдерінің кездесуіне қатысушылар әр аймақтағы мәселелерді талқылады. Қостанай ...