Қостанайда он шақты әжей кимешек киіп, ойын-сауық орталығына барған. Үшінші қабатқа көтерілген кезде олардың алдынан күзетші шығып, орталықтан шығып кетулерін сұрайды, деп жазды KYN.KZ.
Видеодан анық көрінгені күзетші орталықтың әкімшісінен рұқсат сұраулары керек екенін түсіндіріп тұр. Ал, апалар болса «Киімімізге не болыпты, елдің бәрі қалағанын киіп жүр ғой» деп өз уәждерін айтып жатыр. Видеодан әжейлер бір-біріне «өлең айтпаңдар» деп жатыр.
Видеоны түсірген азамат оқиғаның қайда неге болғанын баяндайды. Желіде тараған видеоны көргендер ойын-сауық орталығының мұндай әрекеті орынсыз екенін жарыса жазып жатыр.
Фото: видеодан скриншот