Қостанайда А. Байтұрсынов атындағы өңірлік университет өртенді (ФОТО)

Қостанайда университет ғимаратынан өрт шығып, студенттер эвакуацияланды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Желіде эвакуация сәті түсірілген видео пайда болды. Тәуелсіздік көшесінде орналасқан Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ғимаратындағы кеңселердің бірінде кеңсе техникасы өртенгені белгілі болды.

7-қабатта оқу бөлмесінде кеңсе техникасы өртеніп, 2 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртсөндірушілер оқиға орнына 3 минуттан соң жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Ғимараттан адамдар эвакуацияланды. Барлығы өртті сөндіруге жеке құрамның 19 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды, — деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сағат 11:15-те өрт сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Университет мәліметінше, түтін шыққан кезде бөлмеде студенттер болмаған. Дабыл автоматты түрде қосылған, сондықтан ғимараттағы барлық студент пен мұғалімдер эвакуацияланған.

Мынаны да қараңыз

Өзбекстанға саяхат. Лайфхактар

Бірінші, әуелі құжаттарыңыздан бастайық. Шетелге шығу үшін құжатыңыз (құжаттарыңыз) (паспортыңыз, паспорттарыңыз) бар болар. Халыққа қызмет ...