Амангелді Иманов — 150 жыл: Елордада батыр туралы көрме ашылып, ғылыми-тәжірибелік конференция өтті (ВИДЕО)

Биыл қазақ батыры Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, патша әскеріне қарсы күрескен қайраткердің тұлғасы әлі зерттеліп жатыр.

Елордадағы Ұлттық музейде  халық батыры туралы көрме ашылып, ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Көрмеге Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған 400-ге жуық құжат пен жәдігер қойылды. Онда батыр әрі серінің өзі ұстаған домбырасы, қару-жарақтары, бас сардардың оң қолы Кейкібатырдың кебежесі сияқты құнды жәдігерлер бар. Сондай-ақ бұрын-соңды еш жерде жарық көрмеген бірнеше картинасы да қойылған. Ал ғалымдар батырдың биік тұлғасына қатысты зерттеулер мен ақиқатты талқыға салды.

Кезінде орталық деңгейдегі суретшілерге тапсырыс беріп салдырған да бірақ жарыққа шықпаған. Музейдің есебінде қалған. Қазір мерейтой барысында шығарып көрсетіп отырмыз. Бірінші кезекте Амангелді Имановты көтерілістің бас сардары ретінде ғана емес, қайраткер тұлға ретінде қарастыруымыз керек. Себебі Амангелді Иманов ұлт-азаттық көтеріліске дейін 1905-07 жылдардағы көтерілісте алғашқы азаматтық ұстанымын танытқан азамат. Өз елінде мектеп ашқан, — дейді Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...