Tag Archives: 150 жыл

Аманкелді батыр хақында: Сексен жыл бұрынғы жазбалар

Биыл 1916 жылғы ұлтазаттық қозғалыстың белді өкілі, Торғай көтерілісінің қолбасшысы Аманкелді Имановтың туғанына 150 жыл толып отыр. Жалпылай алғанда Аманкелді батырдың тұлғасы мен оның көтерілісі кеңестік дәуірде, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында да көп зерттелді һәм ұлтымыздың жауынгерлік рухы ретінде дәріптелді. Оның бір айғағы – жуықта Қостанай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Аманкелді ауданында батырдың мерейтойы кең көлемде аталып өтті.  Осы орайда, біз мына ...

Толығырақ »

«Халық ба­тыры» көрмесінің тарихи, мә­дени мәні зор — Мәдениет және спорт вице-министрі

Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы жетек­шілерінің бірі, патша әскеріне қарсы күрестің белсенді қатысушысы Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толып отыр. Осы мерейтой аясында Астанадағы Ұлттық музейде «Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжі­рибелік конференция өтіп, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Халық батыры» көрмесі ашылды, деп жазды Aikyn.kz. Шараға Қостанай және Астана қалаларының Мәдениет басқар­масы өкілдері, мемлекет және қо­ғам қайраткерлері, 1916 жылғы ...

Толығырақ »

Амангелді Иманов — 150 жыл: Елордада батыр туралы көрме ашылып, ғылыми-тәжірибелік конференция өтті (ВИДЕО)

Биыл қазақ батыры Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, патша әскеріне қарсы күрескен қайраткердің тұлғасы әлі зерттеліп жатыр. Елордадағы Ұлттық музейде  халық батыры туралы көрме ашылып, ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Көрмеге Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған 400-ге жуық құжат пен жәдігер қойылды. Онда батыр әрі серінің өзі ұстаған ...

Толығырақ »

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмнің түсірілімі басталды

Алматыда Алаш ардақтысы, аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, ақын, публицист Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Соңғы үкім» фильмінің түсірілімі басталды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Түсірілім тобын режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов пен Ерген Тоқмырзин басқарады. Нұрмұхамбетов Пусан халықаралық кинофестивалінде (Оңтүстік Корея) «Ореховое дерево» фильмі үшін «Жаңа ағым» номинациясында бас жүлдені жеңіп алған. Режиссердің соңғы картинасы «Конокрады. Дороги времени» Францияда ...

Толығырақ »

Ұлт ұстазының туғанына 150 жыл: Үкіметке ұсыныс…

Ақымет Байтұрсынұлы – ұлттық дамудың талай жыл әбден тот басып қараусыз қалған, тіпті қараң қала жаздаған тегершігін бір өзі айналдырып көріп, мігірсіз қозғалысқа қосып берген, ертегінің ерлеріндей ерен тұлға. Туған халқының рухани жаңғыруының сырын тап ондай біліп, сол жолда қалтқысыз еңбек етіп, мәңгі ескірмейтін ағыл-тегіл мол үлес қоса алған қайраткер қазақ топырағында оған дейін де, одан кейін де болған емес ...

Толығырақ »