Биыл 1916 жылғы ұлтазаттық қозғалыстың белді өкілі, Торғай көтерілісінің қолбасшысы Аманкелді Имановтың туғанына 150 жыл толып отыр. Жалпылай алғанда Аманкелді батырдың тұлғасы мен оның көтерілісі кеңестік дәуірде, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында да көп зерттелді һәм ұлтымыздың жауынгерлік рухы ретінде дәріптелді. Оның бір айғағы – жуықта Қостанай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Аманкелді ауданында батырдың мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Осы орайда, біз мына ...
Толығырақ »Tag Archives: Амангелді Иманов
ТАРИХҚА ҚИЯНАТ ЖАСАУҒА БОЛМАЙДЫ
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІНІҢ БАС САРДАРЫ, ҰЛТ БАТЫРЫ АМАНГЕЛДІ ИМАНОВТЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА. ҚОРҒАН ӘМІРХАМЗИН ТАРИХҚА ҚИЯНАТ ЖАСАУҒА БОЛМАЙДЫ Есті ел ерлерін даттамайды Ардагер Амангелді ердің ері, Кең байтақ жалпақ дала туған жері. Халқымен елдігінің қамын ойлап, Қан майдан арпалыста аққан тері. Жамбыл Жабаев Еліміз егемендік алып, Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейінгі аз уақытта орасан игілікті істер ...
Толығырақ »«Халық батыры» көрмесінің тарихи, мәдени мәні зор — Мәдениет және спорт вице-министрі
Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, патша әскеріне қарсы күрестің белсенді қатысушысы Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толып отыр. Осы мерейтой аясында Астанадағы Ұлттық музейде «Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Халық батыры» көрмесі ашылды, деп жазды Aikyn.kz. Шараға Қостанай және Астана қалаларының Мәдениет басқармасы өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, 1916 жылғы ...
Толығырақ »Амангелді Иманов — 150 жыл: Елордада батыр туралы көрме ашылып, ғылыми-тәжірибелік конференция өтті (ВИДЕО)
Биыл қазақ батыры Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, патша әскеріне қарсы күрескен қайраткердің тұлғасы әлі зерттеліп жатыр. Елордадағы Ұлттық музейде халық батыры туралы көрме ашылып, ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Көрмеге Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған 400-ге жуық құжат пен жәдігер қойылды. Онда батыр әрі серінің өзі ұстаған ...
Толығырақ »Амангелді батырдың домбырасы Қостанайдың төрінде тұр
Тамыз айының алғашқы аптасында елорда төрінде Қостанай облысының мәдени күндері өткен-тін. Осы шара барысында облыстық тарихи-өлкетану музейі өзінің қорында сақтаулы тұрған құнды жәдігерлердің ішінен ерек экспонаттарды әкеліп, көрме жасады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі egemen.kz сайтына сілтеме жасап. Астана төріндегі сөреге жайғасқан сол жәдігерлер арасынан 1916 жылы Торғай даласында болған ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Амангелді Имановтың домбырасын көрдік. Домбыраның қордағы реттік нөмірі ...
Толығырақ »Қолмерген
Елі мен жері үшін өмірін арпалыста өткізіп, сол жолда жанын пида еткен жаужүрек ұлдарын туған халқы ешқашан да ұмытпаған. Олардың аяулы есімдерін ардақтап, аңыз-жырға айналдырып, кейінгі ұрпақтың санасына сіңіруге тырысқан. Сондай ел есінде сақталған есіл ерлеріміздің бірі – Кейкі Көкембайұлы. Батырдың бейнесі артындағы ақарлы-шаһарлы жұртымен бірге жасап, өміршеңдік танытса да кешегі кеңес дәуірінде солақай саясаттың салқынымен ғылыми зерттеулерден алынып тасталғаны ...
Толығырақ »Қостанайдағы «қара таңба» қашанғы тұрмақ?!
Биыл Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толды, ол ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтілмек. Демек, әлемдік қоғамдастық тарапынан да еңбегі мойындалған тұлға. Әлихан Бөкейхановқа арналған ғылыми-практикалық конференция Қостанайда да өтті. Онда әлихантанушы ғалымдар Қостанай қаласындағы орталық көшелердің бірін Әлиханның атына беруді ұсынды. Біртуар қайраткерге арналған ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылардың ұсынысы – ұсыныс-ақ. Тіпті, алдымен орталықтағы тарихи ғимараттардың бірінің қабырғасына Әлихан Бөкейхановтың ...
Толығырақ »Арманға бай ғұмыр
(Мейрамбек Төлепберген мен Мылтықбай Ысмағұл) Эссе «Торғайдан хабарласып тұрмын!» деген таныс дауыс естілгенде, қуанып қалатын едік… Әсте, Алматыға алғаш барған адамның бойында арманшыл қасиет оянып, бір тылсым күштің әсері ме екен, бұдан былай тек жақсы өмір сүргісі келетін құдірет пайда болады. Табиғаты ерекше әсем, келбеті ғажайып қаланың құшағы бар қазақ баласы үшін ашық әрі ыстық болуы да бозбалалар мен бойжеткендерді ...
Толығырақ »Торғайдағы көтеріліске не себеп болды?
1916 жылы қазақ даласындағы ұлт-азаттық көтерiлiстерiнен кеңестiк тарихта көбiрек жазылғаны –Торғай көтерiлiсi. Қазақ даласының кiндiгi, Алаш қайраткерлерiнiң туған жерi –Торғайдағы көтерiлiстi кеңестiк тарих Амангелдi Иманұлы, iшiнара Әлiби Жангелдинмен байланыстырса да, мұның шындығы мүлде басқа. 1915 жылдан бастап елге әлеуметтiк қысым күшейдi. Сол кезде әр шаңырақтан жиналатын салық түрлерi: түтiн салығы – 4 сом 50 тиын, земство салығы –3 сом, болыс салығы –3 сом. Осы мiндеттi үш салықтың ...
Толығырақ »Азаттық үшін жасалған алғашқы қадам
ХХ ғасырдың аяқ кезінде Ресей империясының ішкі әлеуметтік саяси жағдайында орын алған тоқырау қазақ даласын да қамтыды. Бұған кезінде патша үкіметі түрлі саяси қозғалыстарға қатынасқандығы үшін Қазақстанға жер аударылған зиялы қауым өкілдерінің де ықпалының мол болғандығын атап айтуға болады. Сол кезде бірнеше саяси қуғынға ұшыраған адамдар Торғай қаласына да жер аударылған болатын. Олар өздері ұстанған күрес идеясын жергілікті ұлттан шыққан ...
Толығырақ »