Қостанайда этникалық қақтығыс видеоға түсіп қалды

Үйдің ауласындағы көлік тұрағында жүргізушілер қақтығысып қалған. Ер адам екіншісіне қарсы балағат сөздер айтып, оның ұлтына тіл тигізгені ВИДЕОға түсіп қалған, деп хабарлайды ORDA.KZ-ке сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz.

Полиция қақтығыс тұрмыстық негізде, көлік қоятын орынға таласу салдарынан болғанын атап өтті.

Бұл факт ПД-да 17 сәуірде тіркелді.

Оқиға орнына жеткен автопатруль оқиға орнында мас күйінде 45 жастағы Қостанай қаласының тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы – «Ұсақ бұзақылық» және «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша әкімшілік материал жинады. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Оқиғаның екінші қатысушысы 45 жастағы ер адамға алған жарақатының дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...