Осы жерде айта кететін ауыл тірлігі жайлы, Мүттал Нұрғалиұлы сіздің бұл ойыңыз өте орынды. Бабалар өмірін, істеген ісін есте сақтап ұрпақтар есінде қалдыру, олда бір үлкен тарих. Бұл ойыңыз ұрпақтары ата-бабалары жайлы білсін, бабалары жайлы толық мағлұмат алсын. Өткендерін танып, біліп мақтанатын болсын деген ойыңыз ғой, өте орынды. Бабалар рухына деп ескерткіш, аллея тұрғызылса, ұрпақтары келіп тағзым ететін орын болып жатса қандай жақсы. Сондай орын, қай жерде болса деп айтып қалдыңыз. 60 жылдар басында қуғын-сүргін құрбандарын ауызға алып айтыла бастағанда, Айсаға деп совхоз парторгі Назарбек Бектемісовтің бастауымен бөгеттің басталуы, Ақжан маңынан шағындау ескерткіш белгі қойылған болатын. Бұл бөгетке халықтың алғашқы жиналған жері, әрі Айсаның аталарының қысқы қоныс орны болатын. Екінші жер Айсаның қысқы үйі, Қабырға өзенін бөгеп тұрған Ұлы бөгеттің қарсы алдындағы түбекте болған. Бұл жерде кірпіш заводы, үш колхоздың азық-түлік дүкені болды. Заводта кірпіш құйылып, күйдіріп Торғай ауданының біраз жерін пеш кірпішпен қаматамасыз етіп отырған. Жұмысқа төртінші ауылдық кеңесінен жұмысшылар тартылып, олар завод жұмыс істеу үшін отынды жергілікті жердің ағаш, көкбек, шағыр, қамыс сияқты бұталарынан отын түрлерін дайындап беріп отырған.
Бір қуантарлық жағдайым бұрынғы басшы Сұлтан Махатұлымен біраз жыл жақсы қарым‑қатынаста болып, сыйласып бірге жұмыс жасап, сол хатшының қолдауымен біраз істің бетін қайырдым. Бұл кісі басқа жұмысқа ауысып, жаңа басшы келді. Оның тілін тауып, етене араласуым қиынға соқты. Осыдан‑ақ жағдайдың қалай болғанын сезерсіздер? Оның ойы, көздейтіні бөлек. Шын жанашырлық танытып, қолдау жасамаса да, өзіме міндетті мойынымда тұрған істерді аяғына дейін жеткізу үшін шыдап бақтым. Әркімдердің білуге деген ұмтылысы болып, жиі сұрақтар қойылып жатты. Сондағы басым бөлігі жаңа басшы келіп, қыркүйек айының орта шенінде нөсер жаңбыр, қарлы боранға ұласып, аудан бойынша мал шығыны көп болған. Соның салдарынан көптеген совхоз мамандары жауапқа тартылғаны айтылып, естіліп жатты. Сіздерде ондай шығын болған жоқ. Осы сақтығыңыз үшін жақпай жүрген жоқсыз ба? Дегенді айтатындар да бар. Ондай сақтықпен өзімді ерекше көрсетейін деген ой менде болған жоқ. Біздің шаруашылықты құдайдың өзі сақтады. Малшы шопандардың еңбегі пайда іздеп, өтемақы алайын деген ойлары болмай, тазалығынан деп білсек болады. Бөлімше басқарушылары Тиыштық пен Қайпен. Сонымен қатар шопандардың тазалығынан, көлденең пайдаға қызықпай, адалдығынан деп біліңіздер. Пенде болғаннан кейін артық — кем өлшеп пішу де болады. Ондай шаруашылық басшыларында болған жоқ.
Облыстың хатшысы Еркін Әуелбековтін қабылдауында болып, жағымды жауап алып елге жеткізіп, оларды да бір қуантып тастауға асықтым. Кететін күні хатшының алдында бірге болған құрылыс мамандарына қайта кіріп, олардың ақыл кеңестерін тыңдап, елге қайтатын ойымды жеткіздім. Олар да тез арада жететіндіктерін айтып, ауыл орталығының бас жоспарымен танысып қайта жасайтындықтарын ескертті. Осы айтылған құжаттарды дайындап, мектеп салынатын орынды белгілеп дайындық жасауды да айтты. Хатшыдан естіген хабарды елмен бөлісіп, ауыл халқына жеткіздім. Олардың қалай қуанғанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Арада бірер жеті өткенде, облыстан құрылыс мамандары да келіп қалды. Олар келеген бетте мектептің салынатын орынын белгілеп, бұрынғы мектеп жанынан салынады деп шешті. Бұл жерде үш-төрт отбасының үйлері бар. Соларды бұзылады деген ой айтты. Қалай да оқушылардың сабаққа қатынау жағын салыстыра ойласып, мектеп ауыл ортасында болғаны дұрыс деп шештік. Соны ескеріп бұзылады деген үй иелеріне әзірше баспана бере тұрып, тез арада үй салып беретін болып келістік. Оларды уақытша көшіріп, үйлерін бұзып орындары тазартылып, құрылыс бөлшектерін түсіруге дайындадық.
Құрылысқа деп келген заттар түр-түріне қарай жинастырылып бірінші кезекте ірге тастар бөлек түсірілді. Оларды құрылысшылар реттеп жинастыруда. Тасымалдаушы көліктер күн құрғатпай үздіксіз келіп жатты. Мектеп түсетін орын, өлшеу, есептеу жұмысы негізінде ірге тастары қойылып, қабырғасы да тұрғызыла бастады. Аз күнде бірінші қабат қабырғасы тұрғызылып, төбесі жабылуға дайын. Жұмыс өте шапшаң жүріп жатқанын көріп күмәнмен қарап сын айтушылар да болды. Асығыс істен ақау құрылыс бой көтеріп жүрмесін дегендер де болды. Жоқ олай болмайды, күмәнданудың еш реті жоқ, бәрі ойдағыдай болады деп мамандар сендіріп мектепті тез арада бітіру жөнінде, Мүтталі Нұрғалиевтен тапсырма болған. Сол үшін де асығып жатырмыз. Қорықпаңыздар сіздердің ойларыңыздан шығатын мектеп салынады деп сендірді. Айтқандай мамандар уәдесінде тұрып бірінші қабаттың қабырғасын да тұрғызып, төбесін жабуға дайындап қойды.
Мүтталі мырза сіздің уәдеңізде тұратын айтқаныңызды орындайтын ісіңіз бізге ұнайды. Осы елді басқаруға алғаш келген бетте, бізге берген уәдеңіз электор жарығын бірінші кезекте колға аламын деген едіңіз, айтқандай жарық тұрақты беріліп, көшелерге жарық шамдар қойылды. Елді осылай бір қуантып едіңіз, одан әрі қолға аламын деген ісіңіз кәзіргі талапқа сай мектеп, халық денсаулығын ескеріп аурухана салуды айттыңыз. Ол да орындалмақ. Осылай ойларыңызды жобаға келтіріп, енді дем алады деп ойлаған едік? Жоқ әлі де, істелер іс көп. Оның ішінде монша, клуб салуым керек деп, халықты тағы бір қуантып тастадыңыз. Бұған да шындап кірісіп, оны да халық игілігіне бердіңіз. Тұрғын үйлер көптеп салынып. Ауыл көркі ажарлана түсіп, тыңнан үш -төрт көше қаздай тізіліп қанатын жайды. Сіздің айтқан жоспарлы істеріңіздін бірі, Албарбөгетті соққан бабалар рухына арнап, бабалар аллеясын тұрғызу болатын, оны да қолға алмақшы болып, ауыл ақсақалдары мен аға буын өкілдерін ертіп, жол сапарда болғанда айтқан сөзіңіз халықтың есінде қалып. Соның ізін суытпай ақсақалдар Мүттал кетсе оны кім істейді деп іздеуде болған. Сол ойыңыз әзілге айналып сіз кетпей ақ қуанышты істің салқыны сезіле бастады.
Мектеп салынады деген жердегі отбасына, әзірге баспана беріліп үйлері бұзылып, орындары тазартылып, салынатын құрылыстың алғашқы бөлшектері де келіп түсе бастады. Мектептің ірге тастары орналасып салына түсті. Осы құрылыс жүргізіліп жатқан кезде облыстан аурухананы жалғастыруға қаржы бөлініп, құрылыс мамандары келеді деген хабар алдық. Олар да көп кешікпей келіп жетті. Келген бетте, бұрын салынып бастаған бірақ, тоқтап тұрған аурухана құрылысын қарап, тексеріп, акт жасап келген комиссиямен бірге Мүттал Нұрғалиев, бас экономист Серікбай Камалиев, прораб Әміртай Қазиқановтар облыстан келген құрылыс басшысы мен бірге облысқа жүріп кетті. Салынатын құрылысқа бөлінетін қаржыны бекітіп, құрылыс салушылармен шартқа отырып, құрылысшыларды өздерімен бірге алып келді. Бұлар уақыт оздырмай жұмысқа кірісіп, ауданның, облыстың арнайы шақырылған құрылыс мамандары, совхоздың бас жоспарын қайта қарап толықтырып қайта жасауға кірісті. Совхоздың бұрынғы бас жоспарын өзгертіп, қайта жасалуы мектеп құрылысының жаңадан салынуымен бұрынғы заңсыз салынған ескі құрылыстар түгел бұзылады деп шешім қабылданған. Мектеп салуына байланысты үйлері бұзылған отбасыларына бірінші кезекте үйлерін салуға кіріспек. Ол жаңадан тың көше болып тұрғызылмақ.
Мектептің ірге тасы қаланып бітіп, қабырғасын тұрғызуға кірісті. Қалайтын кірпіш емес, дайын тұрған блоктар кранмен көтеріп көрсеткен орынға қойылып жатты. Қызықтап көрушілер, бұл құрылыстың тез бітетініне күмәнсіз сенетіндіктерін айтуда. Айтқандай расында да лезде бірінші қабаттың қабырғасы тұрғызылып, төбесі плиталармен жабыла бастады. Ауылдың қолы бос, үлкен-кіші тұрғындарының қызықтап тамашалайтын орны, осы мектеп құрылысы болды. Осындай көп жиынның бірінде совхоз директоры М.Нұрғалиұлы жиналған тұрғындармен кеңесіп, Көкалаттың бас жоспары қайта жасалып жатқанын айтып, ертеде салынған мектеп, оның екі жақ бетіндегі үйлер түгел бұзылады оның ағаш‑тас,кірпіштерін, үй салушыларға береміз. Үй тек бас жопарға сай салынуы керек болатынын айтты. Бұндай ой көпшілік ойларында бар екенін сездірді. Осы ретте айтайын дегенім, бұзылатын құрылыстардың, кірпіш, ағаш сияқты бөлшектері үй салушыларға беріледі. Әркім өз қажетінше алып, үй салу орнын белгілеу, жоспарға сай болуы керек екенін ескергені жөн. Директордың айтқан хабарын халық құптайтындықтарын білдіріп қуанысып жатты. Осыған байланысты айтайын дегенім бұзылатын үйлердің кірпішін әлі келетіндер өздері бұзып алса тіпті жақсы болар еді. Осы жағын да ескеріңіздер!
Қар бір жауғанға дейін мектептің қабырғасы тұрып, төбесі жабылуға дайын . Терезелері салынып, сыртқы есіктері салынды. Осыны көрген ата-ана мен балалардың қуанышы шексіз. Алдағы оқу жылын жаңа мектепте оқимыз деп қуанады. Ауыл тұрғындары осылай қуанып жатқанында, ол қуаныштары еселей түсіп, аурухананы да салуға рұқсат еткен хабар да жетті. Сол хабарға байланысты, директорға шақырту келіп, мамандарын алып облысқа кетті. Барған бетте жоғарғы басшылардың қабылдауында болып тиісті ақыл кеңестерін алып, үлкен жауапты міндеттерді атқаруға дайын екендерін айтып қуанышпен шыққан. Өздерімен бірге құрылысшылар да бірге келді. Бұрын салынып аяқталмаған құрылысты жан- жақты тексеріп, кем — кетігін анықтап іске кірісті. Міне іскер басшының тынымсыз ізденуінің нәтижесінде, екі үлкен құрылысқа жол ашылды. Қыс өтіп, көктем де жетіп, қарқынды жұмыс қайта жанданып, мектептің екінші қабаты салынып, төбесі жабыла бастады. Басшылардың ендігі мақсаттары мектеп құрылысын бітіріп,алдағы оқу жылында пайдалануға беру. Ол үшін құрылысшыларға тапсырма беріп, оны бақылауды құрылыс мамандарына қатаң тапсырды. Әдеттегідей қатаң тәртіптің, тынымсыз еңбек етудің нәтижесінде құрылыс жұмысы толық аяқталуға жақындады. Мектеп директоры Е. Байбосынов пен мұғалімдер де бақылауды күшейтіп құрылыс басында болды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Ғазиз Әмірханұлы да, қалай да тамыз кеңесіне дейін бітіруге тапсырма берді.
Қапеш ӘЛИҰЛЫ
Фото: ашық дереккөз
(Жалғасы бар)