Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-5

Осы кезде екінші бөлімшеде көптеген ірі қарадан шығын бар деп жасырын естіліп жатты. Ол жөнінде не айтар едіңіз? Солай естіліп жатқанын білеміз. Оған тікелей жоғарғы басшылар араласып, жабық ұстап келеді. Ол жөнінде ешқайсысы тіс жарып айтпай отыр. Сол себепті мені шеткері ұстайтын қалыптарын сезіп, олардың істеріне қатысым жоқ, аман тұрғанда жөнімді тауып, орнымды қалап жүрген адамға берейін де кетейін деп шешкен едім. Менің шын ниетім осындай болған. Бұл берген жауабыңызға толық қанағаттанамыз. Аудан бойынша өтемақы алып жауапқа тартылып ферма басшысы, ауылдың кеңес төрағасы істі болып жауапқа тартылған.

Қысымға шыдамай өзіне қол салғанда болды. Сізге елдің айтар алғысы мол, бәрін де аман сақтадыңыз. Орнымды сұрап жүргендер бар, соларды разы етіп орнымды берейін де кетейін дегеніңізге біз де қатты ренжуліміз. Сізге қояр кінәміз жоқ? Жақсы істеріңіз үшін қимаймыз. Біздің қояр бір ғана кінәміз? Қанша ма құрылыс салынды.Тұрғын үйлер тұрғызылды. Солардың бірін қонақ үй ретінде ұстамадыңыз, соған әттеген‑ай дейміз! Егер сондай орын болса, хатшы жатар орын іздеп басқа жаққа кетпес еді деген ой ғой.

  • Сендердің араларыңа не болды? Қандай шайтан түсті? – деп сұрағалы отырсыздар.

– Жын да , шайтан да жоқ.

  • Елге, халыққа қиянат жасауды ойлаған ана бір азаматтың іс әрекеті.

– Оның түпкі ойы елді бөліп алып билеу.

– Ол жағы сіздерге де ұнамайтыны анық.

Менің осында алғаш келгеннен негізгі мақсатым сіздерге қызмет ету.

– Алайда менің түпкі ойымның іске асуына кедергілер жасалып келеді. Ауылды көркейтіп талапқа сай үйлер салу жоғарғы биліктің менен күтер талабы. Ол жағынан істеліп жатқан жұмыс түлерін өздеріңіз де көріп отырсыздар. Сондай жұмыстардың ілгері басуына қарсы кедергілер болып жатады. Амалсыз амалым таусылып, аудандық партия хатшысына жұмыстағы қиыншылық жағдайды жұқалап айтып көріп едім, оған толымды жауап болмады. Менің осындай айтқан сөзімді естіген ақсақалдар жоқ олай болмайды. Аудандық бірінші хатшыға барып бұл мәселені төтесінен қойып, сізді ешқайда жібермейміз. Әлі де осы жерде  бірге жұмыс жасайсыз. Осы елді басқаруыңызды қалаймыз деп ренжитіндерін айтты. Осылай деп айтуын айтсам да өз ісіме өзім де өкінгендей болдым. Енді не істеп, не деуім керек?,- деп өзіме осы сұрақты қойдым. Ағалар қимастықтан ақылдарын айтып, жібермейтін ойынан қайтар түрі жоқ. Өзімше түсіндіруге тырысып, ренжітпей шешу жолын іздестіріп, осы совхозға алғаш келгенім, сондағы халықтың талап тілектеріне байланысты сөз қозғадым. Көпшіліктің тілін тауып ренжітпеу жолын іздедім.

Қадірлі ағайын! сіздердің осындай қимастықтан айтып отырған сөздеріңіз орынды деп есептеймін. Не істеп? Не тындырғанымды? Өздеріңіз атын атап көрсеткендей бірнеше құрылыс нысандары, тек қана менің істеген ісім деп ойламаймын. Оған сіздерің де ортақ үлестеріңіз бар деуіме әбден болады. Олай деуіме себеп, солардың салынып бітуіне ынта мен ықылас керек. Оған жол ашып қуат беріп үнемі қолдап, жанымнан  табылған осы отырған сіздер болдыңыздар. Сондықтан да сіздердің арқаларыңызда небір жақсы істерге қолым жетті. Абырой беделге ие болып, аудандық ,облыстық басшылардың сеніміне ие болып, сан мәрте марапатына ие болдым. Ол арамыздағы ынтымақ, бірлік, сыйластықтың жемісі. Осында келген алғашқы екі жыл арасында жақсы істеріңнің нәтижесі ,-деп облыс басшыларының шешімімен сыйға «Волга» машинасын ұсынды. Сол кездегі қатты қиналыстарымды айтсам, өте ауыр жағдай болды. Сонда ауыл ақсақалдары алмаймын деме аласың,,- деп өздерінің кассадағы жинап жүрген қаражаттарын беріп, болмай алдырған еді. Солардың бірі Кішібаев Қабажай мен Итқараның Сүйінбегі деген ақсақал болатын. Елдегі үлкен, кіші ағайындардың қолдауымен  Волга машинасын алдым. Той тойлап, ас беріліп ел халқына өз құрметімді жасап баталарын алдым. Оны неге айтып отырмын? Осындай сыйластықта жанымнан табылып жанашырлық сезімдерін танытқан, бұл кісілерді ренжітіп кетем деуім дұрыс болмады.

Қазақта  “көп түкірсе көл деген” мақалда сөз етілгендей, көпшіліктің ықыласымен машинаның құны өтеліп, жандары жомарт абзал жандар «Волга» машинасын менің ықтиярымсыз өздері әудесіп мінгізді. Елдің мұндай құрметін, жанашарлық сезімдерін көре отырып, кетем дегенім үшін кешірім өтінемін. Бұл ісімнің орынсыз екенін сезіп отырмын. Амалсыздан солай болып қалды. Қашаннан айтылып кележатқан “елді сөкпе,кенді төкпе” деген ұлағатты сөз еріксіз еске түсер. Соның негізінде осы отырған ағайын сіздерге деген айтар алғысым шексіз, сол үшін кешірім сұраймын. Мүтталі мырза, бұл айтқан сөзіңіз орынды. Осы отырған халықтың шын ықыласына бөленіп, абыройлы жұмыс жасадыңыз. Үлкен, кішіге жалпы халыққа көзқарасыңыз түзу.Анау бай? Мынау кедей?,- деп түсіне,түріне бөлу деген әсте ойыңызда болған жоқ. Ауылдың қойшысы болсын, малшысы болсын үйіңізге еркін кіріп, ас суыңызды ішіп шығуына есігіңіз әрқашан ашық болды. Осы ықыласыңның өзін көпшілік жұрт аңыздай етіп айтып жүретіні анық. Бұндай кісіге кішіпейілдік танытып, бөліп жармай тең ұстауды біз сізден көрдік. Амал не? Осы отырған жиналған ағайын.Сен айт? Біздің әрқайсымыздың айтарымызды сен жеткіз деп Жанаға айтар сөзін осылай айтып отыр. Амал жоқ, қайда жүрсең де аман болыңдар!,- деп қинала отырып, ақ жол тілейміз. Әлі де істеуге мүмкіндік бар еді. Өзіңнің айтуыңа қарай, қинаудың ретін таппай отырмыз,- деп Жанұлы ақсақал батасын берді.

Ағалар сөзін тыңдай отырып, өзімше ой қосуды ойлап, мұның ар жағында енді ештеңе қалмаған сияқты деп Қабдығали аға  менің бесінші ауылда жұмыс жасап жүрген кезім болатын. Ауылдан Сардар ағай хабарласып, біраздан бері жұмысы жоқ, бос жүргенін айтты. Осы жақтан жұмыс қарастырып көрсем келесіз бе?,- дегенді айттым. Қарсы емес қалып танытты. Совхоз басшыларымен ақылдасып шешіп, ағаға Тоқанай бөлімшесін басқаруға қалай қарайсыз дедім? Иә, ол жер бұрын жұмыс жасаған жерім ғой? Барайын! деді. Хабар тиісімен аға да кешікпей келіп жер жағдайын, халық пен танысып мал- жанды қабылдап алды. Бұрыннан айналысқан кәсібі, бәрін үйіріп әкетті десем болады. Тоқанай жер жағдайы жақсы, оты, суы мол шаруасын дөңгелетіп істеп жатты. Жақсы іс, жақсы жетістікті көре алмайтын іштарлық қай ауыл, қай жерде де болады деген оймен айтқалы отырмын. Ауылда аудандық бірінші хатшысы С.Жақыпов қатысқан жиналысы болып, сол жиналыста Сәндібек деген ақсақал сөйлеп қоятын емес. Сонда ісіне қатты ренжіп.Әй, Сәндібек ту тігетін жерің қайссы? Мен дайынмын, соған шығам деппін. Осы сөзімді естіген залдағы халық қол соғып қолдай түсті. Осыны көрген хатшы Сағындықов жолдас мына халықты өзің дайындап қойғансың ғой деп айтқан еді.

Жоқ, Сұлтан Махатұлы олай ойламаңыз? Жақсы істеген жұмысты көре алмаушы, іштарлықтан туып отырған жағдай деп түсіндірген болдым. Ал, сіз екеуіңіздің араларыңыздағы жағдайды айтып түсіндіру қиын. Бір атаның балалары, бір ауылда тұрып осындай жағдайға баруларың естір құлаққа ұят. Үлкен ағаңның ренжуі елге халыққа қиянат жасама, жағдайы төмен ағайынға көмек жаса, өзім білемге салынба? Осы байлық сенің жасаған, сенің қолыңмен жасалған байлық емес, осы көпшілік халықтың қолымен, еткен еңбегімен жасалған соны біл! Әркез осыны есіңlе сақта! Шыны керек сенен көрген елдің  азары жетеді. Сабырдың теріп айтқан халықтың қорлығын жоқ,- деп  айта алмасың анық. Біреулер отын -су, шөп ала алмай қиналса.Ол отын су қайдан келіп жатты? Ол кімнің байлығы, кімнің жиған тергені. Шөп қалай шығып, оның өсуіне керекті тіршілік нәрін жеткілікті  етіп еңбек еткен осы отырған халықтың ата-бабалары. Солардың маңдай тері, еткен еңбегі арқылы жасалғанын білсең етті. Ақылға салып неге ойламайсың? «Көп қорқытады, терең батырады» деген бар. Халықты көп қуалап, қу құмалағын түсіріп келдің. Осы отырған үлкен ағалардың соңынан еріп, саған түсіндіру үшін келдік. Ағыңнан жарылып, шын кешірім сұра. Алдаймын деп ойлама!,- деп Қабдығали айтқан еді. Осы сөзді естіген Жанағаның айтқаны:

Айналайын, Сабыр осылай — деп Тентекке сенбеймін деген еді. Кешірім алып, сендіретін уәдесін үйіп -беріп алғысын айтып, бәрімізді ұятқа қалдырады. Ол осындай арсыз іс істейді? Елге сіздерді масқара етеді?Оған сенбеңдер деп еді.  Сабыр ініміздің айтқаны болды да қойды. Жалдамалы тілшілерін күні бұрын дайындап қойған болуы керек Социалистік Қазақстан газетіне “Жаптым жала, жақтым күйе” —  деген фельетон шықты. Бар өтірікті үйіп төгіп, кінәсін мойындап кешірім сұраған Тентек бізді осылай алдап соқты. Ақыл айтып, Тентек үшін бар күшімізді салып осы екеуінің дауына қызыл кеңірдек болып жасаған еңбегіміздің өтеуі осылай болды. Не айтып? не дерімізді білмей Сабырға қарар бет қалмады. Сабырдың бүкпесіз көп айтқан сөзін, өзіміз жеке тыңдап, қаза түсуді қой,- деп ақыл айтқан едік. Сол айтылған сөздің айтылуына енді өзің жол ашып отырсың. Ауылдағы үш бөлімшенің шаруашылғын, халқының жағдайын айтып соны тыңдағанымызда, сенің бөлімшеңде малдан да, адамнан да, шығын көп, қалған екі бөлімше де ондай жағдайдың бірі де жоқ. Онда мал шығыны да, адам шығыны да жоқ. Тып-тыныш айқай-шусыз еңбек етіп келе жатыр. Бұл екі бөлімшенің басшысы Қайпен мен Тиыштықтың салиқалы еңбегі деуімізге әбден болады деген сөзді, Мүтталі Нұрғалиевтің аузынан да естіген едік. Осы сөзді біз де қайталап мал шығыны, адам шығыны екінші бөлімшеде көп. Адам шығынын ауызға алсақ, денеміз түршіккеннен қорқатын жағдай туады.Олай болуы бұл жерде асылып та, атылып та, темір торға қамалып өлгендердің барын білеміз.

Осындай жағдай совхоз директорына қорқыныш тудырып, жұмыстан кетуге ықпал еткенде жай кісі қалай шыдап, бұнымен қалай жұмыс жасай алады. Мүтталі осы сөзді айтқаннан соң, ақсақалдар амалсыздан рұқсат етуге келіскен болатын. Осындай қиянатты басқа екі бөлімше басшысы жасады. Солардан қиянат көріп отырмыз дегенді неге естімейміз? Олар да бұндай сөз кептің біреуі де жоқ, тып-тыныш жұмыс жасап жатыр. Сол үшін халық басшысын жақсы көріп, құрмет тұтады. Бұны не шыдатпай бара жатыр, таза түсініксіз жағдай. Екі ортада Тентек үшін соны аман сақтаймыз деп ретсіз болса да, соның сөзін сөйлеп өзіміз ұят бастық. Жәлел екеуміз бірге болған  жасы кіші інілерге, біз үшін барып Сабырдан кешірім сұраңдар?,- деп тапсырдық. Сол айтуымыз бойынша, олар Сабырға барып кешірім сұраған. Таза не айтарымызды білмей қиналғанның түрі осылай болған. Бұл шіркіннің Сабырға жасаған осы қиянатымен, қоя қойса жарар еді, онымен тынар Тентек жоқ. Әлі талайдың тағдырына балта шауып, бүлік салары анық, оны жүрек сезеді. Істеген ісін, мен осылай істедім, оным дұрыс болды ма ?,-деп ойлар мекен, осыны білсек деп ойлаймыз. Осыдан сақта, ар жағында әттеген-ай деп ойлауға оның санасы, жетпейді. Оның көздейтіні біреуді алдап жеп кету, бұның осындай ашқарақ, тойымсыз қалпын көріп шошимыз.

Бұл ұяттан безген, шын арсыздығын жасап бізді тақырға отырғызып кетті. Сабырдың бетіне енді қалай қараймыз? Оған не дейміз? Осы жағдай бәрімізді тұйыққа тіреп отыр. Оның кім екенін танимыз ғой, танысақ та жылап келгеннен кейін, сүйеу болайық қолымыздан келген жақсылығымызды жасайық деген ісімізге қайтарған жауабы осылай болды. Сабырдың айтқанындай бар екен, адам сенетін жан емес екенін көрсетіп, елдің үнемі бұл туралы айтып отыратын теріс пікірінің шын екеніне көз жеткізді. Біздің осылай қиналып отырғанымызды, Сабырдың өзі сезіп қоңырау шалып хабарласқанын Жанаға айтып, бәріміздің ағамен хабарласуымызға жол ашты. Осындай қиналыста, кісі де жақсы ой болмайды ғой, Мүтталі Нұрғалиұлы осы Тентектің ісінен қатты қорқамын ,-деп айтқан бір сөзін айтып, көпшіліктен кетуге рұқсат сұрайтынын айтқан еді. Ол өзінің жұмыс жағдайында болған мына бір істі айтқан болатын.

Біз осылай деп анық Сабырға және басқа халыққа жасаған істеріңді естіп, қараптан- қарап қорқайын дедік. Сабырдың айтқандарын қалай теріс, шылғи өтірік,- деп айта аласың ба? Айтам деуің де мүмкін, бірақ айтқанмен де оның расы тағы дәлелді. Оған дәлел, Сабырдың іздеген кем малдың болғаны рас, соттың шешімімен істі болып жазасын өтеген Қасымхан мен Ғалымның партиядан шыққаны оны анық растайды. Осыншалықты ірі қара шығынын өз қолыңмен жасап, малшыны темір торға салып қинауың қандай адамшылыққа жатады. Сол істеріңнің бәрін жасырып, қылмысты біле тұра мойнына алған Ғалым мен Қасымханды туыс- туғаныменен елден көшірдің. Тартқан сыйың сол  болды ма? Бұл не деген қиянат, барып тұрған қатыгез жанның іс-әрекеті. Естіген адамның жаны түршігіп, иманы қасым болары анық. Осымен қайда барасың? Қалай ғана жер басып жүресің? Құрысайшы елдің көзіне күйік болып көрінбей! Ең болмағанда балалардан ұялсаң етті! Осыларды естіп біліп отырған балалар не дер еді? Сенің осындай істеріңнен ел ағалары, өсер ұрпақ намыстанып ұялары анық. Мен осылай деп білемін.

Әрбір өсіп келе жатқан жас өздерінің өсу жолын алдындағы ағаларына қарап өсуді, соған қарап бой түзеуді ойлайды. Оны өмірдің өзі көрсетіп келеді. Осы ойымды нықтай түсу үшін, біздің спорттағы мақтан етер тұлғаларымызға еліктеп, сол ағаларындай елдің атын шығарамыз деген мақсатта болатынын, сөйлеген сөздерінен жиі естиміз. Осындай құлшыныс білім саласында, өнер саласында да жалғасын тауып ғалымдар, жазушылар, ақындар, инженер техник, дәрігер, ұстаздар көптеп шығуда. Бұлардың осыларға қарап осылай бой түзеуін, үнемі насихаттап ел құлағына жеткізіп отыру, бүгінгі өмір талабы. Осы үрдісті үнемі есте ұстап айтып отыру қажет. Бұның мектепте оқып білім алып жатқан  жас , буынның оқуға деген білімге деген құштарлығын арттырып, болашағына жол ашары сөзсіз. Бұл бағытта мектеп, мектептегі ұстаздар міндеті деп біржақты қарауға болмайды.Оған көпшілік болып араласып, биліктегілердің назарында болғаны жөн. Біз жұмыс жасаған мектепте бір жылдары математика, биология,физика мамандары топ-тобымен келіп жатты. Атай кетсем:Ыбышев,Теміржан, Оспанов Нағашыбай, Алин Қонақбай,Кәрібаев Әбдіғали, Ахатов Едірес, Қамзабаев Ихсанхан жұмыс жасады. Бәріміз бірге бір мектепте жұмыс істедік. Әзіліміз жарасып ойнап күліп, әзілдесіп те қоямыз. Сондай әзілдің бірінде  Алин Қонақбайға көп математик ішінде Кәрібаев Әбдіғали ағай үнемі үзіліске шыққанда, үсті басы бор болып шығады.Сіздерге ешқандай бор жұқпайды дегендегі жауап .Бұл мектеп балалары бәрібір оқуға түседі дейтін.

Алғашқы сөз алған ақсақал Мәлік Сүйінғарин, Мүтталі.

— Шырағым,сенің мына сөзің, біздің қай қайсымыздың да құлағымызға жағып тұр. Жақсы жұмыс жасап елге өзіңнінң іскерлік қабілетіңді танытамын деп отырсың. Көптеген істер істеп, ауыл көркін ажарландыра түстің. Сенің бұл ойыңды толық қолдап, жақсы жұмыс жасап жатқан осындай іскер азаматты әркез қолдап бірге жұмыс жасаймыз. Қандай себеппен кетем дейсің? Кімнен қысымшылық көрдің? Айтыңыз, кәзір ондайлармен, біз өзіміз сөйлесеміз дегенді айтты. Осыншалықты жұмыс жасаған азаматты ешкімге талатпаймыз, қажет болса аудандық бірінші хатшының өзіне дейін барып, шешуге дайынбыз. Орынсыз күш көрсетіп отырғандармен  өзіміз есеп айырысуға дайынбыз. Бізде Ұлы Отан соғысында болып, жарты денесін ұрыс даласында қалдырып келген шолақтар мен ақсақтар көп. Соның бірі — мен қолымнан шолақпын. Айтайын дегенім осында келетін басшылар, директор болсын,басқа болсын елінде шолақтар көп деп, қорқа соғып келеді екен. Сол шолақтардың сені жібергісі келмейді. Әлі де бізбен бірге жұмыс жасап жақсы қырыңмен танылып, еңбек еткеніңді қалаймыз. «Халық қаласа, хан түйесін сояды» деген сөз бар. Халық сенен соны қалап отыр. Халқыңның тілегі осы, осыны түсін Мүттәлі шырағым.

Халық қиянат көріп, әркімнің табанына тапталып жатса, оған иманы түзу кез келген кісі жанашырлық танытып жатса, оны жау санағанымыз жөн емес. Осы жағын ашық айтайықшы,- деп Жәлел аға ағасына пікіріңіз орынды, біздің міндетіміз мынау отырған екі інімізді татуластырып тыныштандыру. Бұл сөз кеп елдің тыныштығын алып, берекесін кетіруде. Шыны керек жылдан асты, тергеу де, тексеру де бітер түрі жоқ, елдің жұмысқа деген ынта ықыласын төмендетті. Осыны көріп отырып,не болсаң ол бол! — деп қолды сілтей салуға болмайды. Соны түсіндіріп, сені түзеу үшін айтамыз. Қыңыр қисық іс — әрекетіңді таста, айтқан ақылды шын ықыласыңменен тыңда! Ағаңның жаратылысында бар қасиет өтірік айтпау,ұрлық қылмау, кемтар момындардың қақысын жемеу, зорлық‑зомбылық жасамау, осыны көрсе соны тиюға, араша түсуге тырысады. Сол жағдайда реніш болғанын айтып отыр. Оны қалай түсініп, өзіңді бір қалыпты жағдайға келтіруді неге ойламайсың? Осы ақылды сенен біз де талап етеміз,- деп Жәлел аға да өз пікірін ортаға салды. Әрине, аға айтқандарыңыз орынды. Соны біліп тұрсам да? Бүлдірген істі түзеу қайта қалпына келтіру, мен үшін қиынға соғып отыр. Айтылған сөздің бәрін түсініп орындауға дайынмын, бірақ соны қалай айтып? Қалай бастаудың жолын табу қиын болып отыр, бәрі өзімнің кемістігімнен болды деп санаймын.

Осыдан әрі жұмыс істеуге деген ықылас төмендеп, өзімді енжарлық басты. Ойласа келіп, бұдан әрі бастың амандығын ойлап, есім барда елімді табайын деген ниетпен, жағдайымды айтып бірінші хатшыдан рұқсат сұрадым. Бәріңіз де неге олай?,- деп аңтарылып қалдыңыздар.Ол жағын өзім айтып түсіндіре кетейін, оның реті былай болған . Кейінгі бірер жыл ішінде мен үшін өте ауыр жыл болды. Оны таратып айтар болсам, айтуға да ыңғайсыз қиын сияқты. Солай десем де айтуға тура келіп отыр. Жасырар ештеңе жоқ. Бәріңізге белгілі аудан басшысы, совхоз орталығы Көкалат екенін ұмытқан сыңайлы. Ат басын тіреп келер жері екінші бөлімше екені сіздерге де мәлім. Сіздердің көпшілігіңіз хатшының түрін ұмытқан да боларсыздар. Айтпасаңыздар да ішкі ойларыңыз әр жерден естіліп жатады. «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген, өзіммен бірге қызметтес қарамағымдағы екі азаматтың теріс іс — әрекетін аудандық хатшыға айтқанымда олардың іс‑әрекетін қолдайтын қалып танытты.Осыны көріп бұдан әрі басшының кім екенін?Кімді қолдайтынын? Кімнің сөзін тыңдайтынын? Кімге сенетінін, анық сезгендей болдым. Осы жағдайда сіздер қалай түсініп қалай қабылдайсыздар. Қандай уәж айтар едіңіздер? Соны естіп білгім келеді. Кәне, қайсыңыз жауап айтасыздар?

Неше жерден қыз алып, қыз беріп  құда болдық деп қуанып отырмын десең де, оған  елдің сенер түрі жоқ. Ел-жұрттың өсегі, қазірдің өзінде желдей есіп естіліп, жан-жаққа таралуда. Бұл бір қорқыныштың көз жасы болар. Қаншалықты актер болып жыласаң да, бұл жолы сендіруің қиын болары анық. Неден қорқып жылап жүргеніңді ана Сабыр ағаң, әу бастан біліп айтып келеді. Оны өзің де біліп әрекет жасап отырсың. -Бұл жолы шын қорқыныштан қалай аман қаламын дегеннің жылауы. -Жарайды қарсы емеспін, аман бол! Бірақ жазықсыз жандарды ая, обалына қалма, осы есіңде болсын. -Сол жолғы жұбайыңды ерітіп Достың үйіне барғандағы бір сұрағыңды, осы жерде айта кетудің реті келіп отыр. -Ініңнің семьясы, екі баласы бар дегенде, сенің оған айтқаның, сен өзің газет оқисың ба деп сұрақ қойдың? Ия, оқимын деп жауап беріп еді. — Онда Жаңа өмір газетінде «Атамнан көрдім азарды» деген фельетон шықты деп айттың. — Оны жазған кім деп сұрағанда, ініңнін, жазғаны — дедің. Жоқ сен олай айтқаныңмен, ел оны сен жазды, сенің жалдамалы тілшілерің жазды дегенді айтады. -Мен осы пікірге сендім, ініңнің ондай сын мақала жазу қолынан келмейді. -Сенің ауылыңда болып жатқан той томалақ көп. Тойдың бәрі тікелей сенің келісіміңмен болатыны анық, оған еш күмәнім жоқ.

Сенің жұбайыңды ертіп, Достың үйіне барғандағы көңіл күйіңнің түсуі, кездейсоқ кісіге, бұған не болды?,- деген сұрақ тудырғаны байқалады. Не болып қалды?,- деп, бұл күйіңе аяушылықпен қараушының болғаны анық. Осы күйзелістің тегін еместігін сезгендей, Дос сен айтқаннан кейін, бәлендей жаныңа бататындай қорқынышты жағдай емес екен деп сабырға шақырып, тоқтатып әлі де айтар бір құпияңның бар екенін сезгендей ойы байқалады. Бірақ сен сыр ашпай, жасырын жатқан құпияңды сездірмей, қарындасыңды қосуға ақылдасқан қалыпта, іс тындырмақ ойда болдың. Бұл түсінген жанға, әккі қудың ізін жасырудағы айласы екенін, ана ағаң әу бастан анық біліп отырған болатын. Қанша жерден шын жыладым десең де, Достың бұл шын жылайтын жағдай еместігін айтуынан ақ байқауға болады. Осыны түсінген кісіге, Достың салқын қарап, ат тонын ала қашуынан байқаймыз. Сенің сақтығың сонша, тышқанның жорғалаған жүрісін білетін, үйіңе кіріп- шығып, қызбен сөйлесіп қарым‑қатынаста болғанын білмедім дегеніңе мен сенбеймін. Олай болуы мүмкін емес, бұндай еркіндікте жүрген сенің ауылыңда бірде‑бір жан жоқ. Сондықтан менің ойым не болып, не істелсе де сенің тапсыруыңмен істелді деп ойлаймын. Қандай жағдай болса да, сенің айтуыңмен істелетіні анық.

Қапеш ӘЛИҰЛЫ

(жалғасы бар)

Фото: egemen.kz

Мынаны да қараңыз

Бірлігі жарасқан ауыл

Жақында Қостанай іргесіндегі Жуковка ауылына жол түсті. Бастап барған Әсия Юсупова атты қарындасымыз «Жуковка ауылын түлету» ...