Арқалықтан анасын іздеген Жәнібек: Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды

Сонау Бельгиядан Арқалыққа келіп, анасын іздеген Жәнібектің оқиғасына орай қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Қымбат Досжан жазды.

— Достар, Астанадан Арқалыққа жолға шықтық. Бұл сапардың басты мақсаты – қылмыстық іс қозғалды. Қазір он шақты әйелге күдік түсіп тұр. Мен Жәнібектің заңды өкілі ретінде қылмыстық іс аяқталмайынша, барлық мәліметті жариялауға құқылы емеспін. Тиісті құжаттарға қол қойдық. Осы орайда көмек қолын созған Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Біркенұлына, қалалық полиция басқармасының басшысы Орал Тумырзаұлына, басқа да полиция қызметкерлеріне, әріптесіміз Бағдат Мұхтарұлына алғысымызды білдіреміз, – дейді журналист.

Алайда журналист не үшін қылмыстық іс қозғалғанын айтпады.

Естеріңізде болса, бұған дейін әлеуметтік желіде шетелде тұратын Жәнібек есімді (қазіргі құжатында ЭддЖан) жас жігіттің Қазақстанға келіп, анасын іздеп жатқаны туралы видео тараған еді. Кейін Жәнібектің 2002 жылы 17 қаңтарда Арқалықта туғаны белгілі болды. 2004 жылы қаладағы Балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғызбасты ана асырап алған.

Фото: кадрдан скриншот

Ғани ҒАЛЫМҰЛЫ

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...