«Әділдік және өркендеу» қоры жұмысы қарқынды

«Әділдік және өркендеу» қоғамдың қорының Қостанай облысындағы өкілдігі жұмысын қарқынды жүргізіп жатыр.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдың қорының Қостанайдағы өкілдігі мүшесі белгілі ақын, сатирик Абылай Маудан талантты журналист Разия Бикеновамен кездесу өткізді. Абылай Фазылханұлы Қоғамдық қор белсенділерінің елдің барша азаматтарына жолдаған үндеуі – Манифестті таныстырып өтті.
«Әлеуметтік желілерден де көріп, бақылап отырмын. Ең бастысы, жалаң ұраннан аулақ, қазіргі таңдағы нақты мәселелерді көтеріп жатсыңдар», – деп атап өтті Манифесті мұқият оқып шыққан Рәзия Қашқынбайқызы.
«Әсіресе, Конституцияға сәйкес жер жəне басқа да табиғи ресурстардың, олигархтардың шетелге шығарған капиталын елге қайтарып, ұлттық байлықтың әділ бөлінуін қолдаймыз» дегені ұнады. Оны қоғам болып қадағалап, мемлекеттің байлығының заңсыз жолмен сыртқа кетпеуіне күш салуымыз керек, – дейді журналистика ардагері.
«Әділдік және өркендеу» қоғамдың қорының Қостанай облысындағы өкілдігі 

 

Мынаны да қараңыз

ШЕКАРАЛЫҚ АУЫЛДАР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАУЫ ТИІС

Қостанай облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт және өркендеген қоғам құндылықтарын қалыптастыру және ...