Monthly Archives: наурыз 2026

Астанада ақын Әбжан Әбілтайдың «Сөз киесі» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтеді

Елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 1 сәуір күні ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әбжан Әбілтайдың «Сөз киесі» атты жаңа кітабының салтанатты таныстырылымы өтеді. Астанада орналасқан «Кәусар» баспасынан жарық көрген еңбек қаламгердің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Сөз киесі» – автордың көпжылдық шығармашылық ізденісі мен азаматтық ұстанымының жиынтығы. Төрт бөлімнен тұратын еңбекте оның қоғамдағы сан алуан құбылыстар мен ...

Толығырақ »

Жаңа Конституция ‑ жаңару мен жауапкершіліктің кезеңі

Қоғам дамуының әр кезеңі өзінің жаңа талаптарын алға тартады. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін басты міндеттердің бірі-әділетті, ашық және тиімді құқықтық жүйе қалыптастыру. Осы тұрғыда қабылданған Конституциялық реформалар ел дамуының жаңа кезеңін айқындап отыр.Конституция кез келген мемлекеттің құқықтық іргетасы. Ол тек заңдар жиынтығы емес, қоғамның даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Соңғы реформалар осы іргетасты нығайтып, мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілікті ...

Толығырақ »

Наурызнама — рухани жаңғыру алаңы

Наурыз ұлттың рухани болмысын айқындайтын, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан ұлы мереке. Бұл күн тек табиғаттың жаңаруымен ғана емес, адамның жан дүниесінің жаңғыруымен де ерекшеленеді. Соңғы жылдары елімізде Наурыз мейрамы жаңа мазмұнда, «Наурызнама» онкүндігі аясында атап өтіліп, оның маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Осы игі дәстүр әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде де кеңінен қолдау тауып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. ҚазҰУ тек ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 4 мыңнан астам педагог кітап оқу марафонына қатысты

Қостанай облысындағы 15 кітаптан оқыған 4,3 мыңнан астам педагог «Кітап оқитын педагог» байқауының бірінші (мектеп ішілік) іріктеу кезеңінен онлайн-тест тапсырды. Байқау 2026 жылғы 17 наурызда өтті және өңірде кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ауқымды бастаманың маңызды қадамы болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Кітап оқитын ұлт» жобасы 2025 жылдың қыркүйегінен бастап бірнеше өңірде, соның ішінде Қостанай облысында пилоттық режимде іске қосылған. Жоба ...

Толығырақ »

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ. Парасат майданының сардары

«Сен жақсылықты жамандықтан жасауың керек, өйткені оны жасайтын басқа ештеңе жоқ» дейді Роберт Пенн Уоренн. Көрнекті қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Төлен Әбдіктің «Парасат майданына» эпиграф ретінде алынған осы сөз оқырманын жақсылық пен жамандықтың, зұлымдық пен мейірімнің, махаббат пен ғадауаттың таразысына салып бағатындай. Адамата жаралғалы бері өлер­­мен ібілістің өзімшіл­ді­гі­нен басталған зұлым­дық пен жамандық атаулы адам ұрпағы қасіреті мен қасиеті мың қатпар ...

Толығырақ »

Мәслихат депутаттарына маңызды міндеттер жүктелді

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзін мұқият тыңдап шықтым. Шынын айту керек, бұл жай ғана салтанатты жиында айтылатын жалпы сөз емес. Онда елдің алдағы саяси бағыты, мемлекеттік басқару жүйесінің логикасы және қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстанның ұстанатын бағыты нақты көрсетілді. Ең алдымен көзге түскені – жергілікті биліктің рөлін күшейту туралы мәселе. Президент мәслихат депутаттарына ...

Толығырақ »

Гүлім ЫСМАҒҰЛ, журналист: Референдум – әр азаматқа берілген үлкен мүмкіндік

Кез келген мемлекеттің тарихында елдің ертеңін айқындайтын ерекше кезеңдер болады. Мұндай сәттерде қоғамның бірлігі, халықтың азаматтық белсенділігі айқын көрінеді. Алдағы 15 наурызда өтетін жаңа Конституцияға қатысты референдум – дәл осындай маңызды кезеңдердің бірі. Бұл – тек саяси науқан емес, елдің болашақ даму бағытын айқындайтын тарихи шешім. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы. Ол елдің құқықтық жүйесінің іргетасы ғана емес, қоғам өмірінің ...

Толығырақ »

Торғайда көшбасшы әйелдер аналармен ашық диалог өткізді

Қоғамның өркендеуі – ең алдымен отбасының беріктігінен басталады. Ал отбасының жүрегі – ана. Ана аман болса, ұрпақ аман. Ұрпақ аман болса, ұлттың болашағы нық. Бүгінгі таңда қоғамға еңбегі сіңген аналармен ашық диалог құру – тек әлеуметтік бастама емес, стратегиялық маңызы бар қоғамдық қажеттілік. Осы мақсатта және Алғыс айту күні қарсаңында Жангелдин ауданының орталығы Торғайда Көшбасшы әйелдер клубының мүшесі Сәуле Дүйсенованың ұйымдастыруымен мазмұнды әрі ...

Толығырақ »