Жаңа Конституция ‑ жаңару мен жауапкершіліктің кезеңі

Қоғам дамуының әр кезеңі өзінің жаңа талаптарын алға тартады. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін басты міндеттердің бірі-әділетті, ашық және тиімді құқықтық жүйе қалыптастыру. Осы тұрғыда қабылданған Конституциялық реформалар ел дамуының жаңа кезеңін айқындап отыр.Конституция кез келген мемлекеттің құқықтық іргетасы. Ол тек заңдар жиынтығы емес, қоғамның даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат.

Соңғы реформалар осы іргетасты нығайтып, мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтті. Бұл өзгерістер халықтың нақты сұранысына жауап беріп, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған.Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі билік пен қоғам арасындағы байланыстың нығаюы. Азаматтардың пікірін ескеру, олардың мемлекеттік шешімдерге қатысуын қамтамасыз ету қазіргі заманғы демократияның негізгі қағидаттарының бірі.Осы бағытта елімізде нақты қадамдар жасалып, азаматтық қоғам институттарының рөлі арта түсті.

Сонымен қатар, Конституциялық реформалар билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Парламенттің өкілеттіктері кеңейіп, оның мемлекеттік басқарудағы ықпалы күшейді. Дәл осы әдіс заң шығару процесінің сапасын арттырып, қабылданатын шешімдердің тиімділігін қамтамасыз етеді. Жергілікті деңгейде де оң өзгерістер байқалады өңірлердің дербестігі артып, халықтың жергілікті мәселелерді шешуге қатысуы кеңейді.

Адам құқықтарын қорғау жаңа Конституцияның негізгі басымдықтарының бірі. Әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты құндылығы ретінде айқындалды. Конституциялық бақылау тетіктерінің жетілдірілуі азаматтардың құқықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтерді. Білім беру жүйесі де бұл өзгерістерден тыс қалған жоқ. ҚазҰУ заң факультеті қабырғасында біз студенттерге тек теориялық білім беріп қана қоймай, олардың құқықтық ойлау мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән береміз. Конституциялық реформаларды талдау, құқықтық нормаларды тәжірибеде қолдану, пікірталастарға қатысу-болашақ заңгерлердің кәсіби қалыптасуына ықпал етеді.

Жаңа Конституция жастар үшін де үлкен мүмкіндік ашып отыр. Олар елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып, өз көзқарастарын еркін білдіре алады. Университет студенттері осы өзгерістердің мәнін түсініп, ел дамуына өз үлестерін қосуға дайын болуы тиіс.Әлеуметтік әділеттілік мәселесі де Конституциялық реформалардың өзегіне айналды. Әрбір азамат үшін тең мүмкіндік жасау, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру-мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.Сонымен бірге, жаңа Конституция ашықтық пен есептілік қағидаттарын нығайтты. Мемлекеттік органдардың қызметі қоғам алдында барынша ашық болуы тиіс. Жаһандану жағдайында әрбір мемлекет өзінің құқықтық жүйесін үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Еліміз де бұл үрдістен шет қалмай, заман талабына сай реформалар жүргізіп келеді. Өзгерту мен толықтырулар енгізілген Конституция еліміздің болашағына бағытталған стратегиялық шешім. Ол әділетті қоғам құруға, құқықтық мәдениетті дамытуға және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге негіз болады. Әрбір азамат бұл өзгерістердің мәнін түсініп, оны қолдауы қажет.

Бисенова М.Қ.
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық

құқық, қылмыстық іс жүргізу және

криминалистика кафедрасының доценті, з.ғ.к

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысы әкімінің орынбасары тергеліп жатыр

ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты тергеу амалы басталғанын ресми растады деп хабарлайды ...