Астанада жалға берілетін пәтерлер нарығында жыл соңында қымбаттау байқалды, — деп хабарлайлды kn.kz сараптама қызметі. Үш және көпбөлмелі пәтерлерді жалдаудың құны өскен.
Астананың жалға берілетін баспаналарының нарығына биылғы 12-18 желтоқсан аралығында жүргізілген бақылау қала бойынша бір шаршы метрді жалдаудың орташа құнының 2 399 теңгеге (бір аптада 3,49 пайызға өскен) тең екенін, ал пәтерді жалдаудың орташа құны айына 199 мың теңгеге жеткенін (12,87 пайызға өскен) көрсеткен.
Үш бөлмелі пәтердің орташа мөлшерлемесі — 245 мың теңге (аптасына 9,3 пайызға өскен), төрт бөлмелі — 515 мың теңге (9,8 пайыз). Салыстрырар болсақ, бір бөлмелі пәтерді жалдауға айына 94 мың теңге (0,3 пайызға қымбаттаған) бересіз, ал екі бөлмелі пәтерге 133 мың теңге (6 пайызға арзандаған).
Астанада қымбат баспаналар сегментінде пәтер жалдау үшін айына орташа есеппен 350 мың теңге жұмсалады. Ал арзан пәтерлер сегментінде айына 113 мың теңге қажет.
tengrinews.kz