Рудныйда автогрейдер ұрланды

20151109171401

Ақпанның 6-на қараған түні Рудный қаласында басқаларына ұқсамайтын көлік айдап кету оқиғасы болған. Космонавтов- Парковая көшелерінің қиылысында белгісіз біреу далаға қараңғы түскенін пайдаланып, автогрейдерді айдап әкеткен.

Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сыртқы бейнебақылау таспасындағы жазбаларды қарау барысында оқиғаға қатысты адам анықталып, ұсталды. Ол Қамысты ауданының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлімі бойынша (Автомобиль немесе өзге көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

Бап санкциясына сәйкес, қылмыскер бір мың АЕК-ке дейін айыппұл төлеп, немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстары, немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу, немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

ҚазАқпарат

Мынаны да қараңыз

Облыстық штабтың отырысы өтті

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша облыстық штабтың отырысын өткізді. Басты ...