Универсиада жеңімпаздарына қанша сыйақы беріледі?

 

Алматыда өтетін Универсиадада 1-орын алған қазақстандық cпортшылар сыйақы ретінде 4,9 миллион теңгеден алады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Үкіметтегілердің қысқы және жазғы Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне белгілеген сыйақылар туралы шешімі спортшыларымызды сәтті өнер көрсетуге ынталандырады. Сонымен, 1-орынға — 4,9 миллион теңге, 2-орынға — 3,3 миллион теңге берілсе, 3-орын алғандарға 1,6 миллион теңге беріледі. Сондай-ақ Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің бапкерлеріне де осындай сомадағы сыйақылар беру мәселесі қарастырылған» деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкімет отырысы барысында.

Еске сала кетейік, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпан аралығында Алматыда өтеді. Қысқы Универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтіледі.

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *