«Қазгидромет» РМК 2017 жылдың 19 қаңтарына арналған ҚР бойынша ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға қарағанда, Қазақстан аумағының көп бөлігі дерлік антициклонның ықпалында болады. Ауа температурасы батыста күндіз 5-15, түнде 10-22 аяз, солтүстік-батыста күндіз 7-15, түнде 15-25 аяз, солтүстікте және орталықта түнде 18-28, күндіз 8-16 аяз; шығыста түнде 25-30, солтүстік-шығыс облыстарында түнде 15-20, күндіз 7-17 аяз және оңтүстік аймақтарда түнде 5-10, кей жерлерде 15-20 аяз, күндіз 0-5 жылы, кей жерлерде 1-6 аяз.
Ал Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді. Ауаның температурасы түнде -20-22 градус, күндіз -10-12 градус болады.
tengrinews.kz