Қостанайда дәрігерді өлтіргендер ұсталды

Қостанайдағы облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаеваны жауыздықпен өлтірді деген үш күдікті ұсталды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауы бойынша, арнайы жедел-тергеу тобы жедел-іздестіру шаралары кешенін өткізіп, жоғары санаттағы сот-психиатриялық сарапшы Рашида Сандыбаеваны өлтіру себептері мен механизмін анықтады. Үш күдікті ұсталып, ісін мойындайтын куәлік беріп отыр.
«Қазір қылмыстық топтың өзге мүшелеріне айып тағып, тұтқындау мақсатында дәлелдерді қуаттау үшін тергеу жүріп жатыр» деп нақтылады полицейлер.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Рашида Сандыбаева 20 ақпанда өз пәтерінен өлі табылған. Оған 30 жерден пышақ салғаны хабарланған болатын. Кейін оқиғаның мән-жайы анықталған еді.

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *