01.03.2017

Наурызда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2017 жылдың наурыз айына арналған консультациялық ауа райы болжамын бөлісті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Осы ай ішінде орташа ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары, тек Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының таулы және тау бөктері аудандарында ауа температурасы норма шамасында болады деп күтіледі. Жауын-шашынның айлық мөлшері Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбе, ...

Толығырақ »

Н.Назарбаев Конституцияның 26-бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 26-бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Жұмыс тобының отырысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 26-бабын бастапқы редакцияда қалдыруды ұсынды» делінген Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасында. Еске салайық, ҚР Конституциясының 26-бабында «Қазақстан азаматтары» деген сөздің орнына «Әрбір» деген сөзді қою ұсынылған еді. Кейін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы ...

Толығырақ »

Қостанайда жол ақысы қымбаттады

Қостанай қаласының билігі 1 наурыздан бастап қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысын көтеру туралы үкім шығарды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. Енді қостанайлықтар автобустарда жол жүру үшін 60 теңгенің орнына 80 теңге төлейтін болады. Қала шетіне және саяжайларға баратын қоғамдық көліктердегі жолақы құны «әрбір шақырымға – 5 теңге» тарифі бойынша белгіленеді. 7 жасқа дейінгі балалар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері ...

Толығырақ »

Сот залында қаза тапқан әйелді күйеуі жиі ұрып-соққан

Қостанай облысы Амангелді аудандық сотында күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің әріптестері марқұм әйел жайлы айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың айтуынша, күйеуі оған жиі қол көтерген. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Рашид Есмағамбетовтің айтуынша, Жұлдызай Таубаева 2011 жылы дәрігер-анестезиолог болып қызметке келген. «Бірде-бір отаны онсыз жасамайтынбыз. Енді ол қызметкерімізден де айырылып қалдық» дейді бас дәрігер. Жұлдызай Таубаева наркозға жауап ...

Толығырақ »

Қостанай облысында сот залындағы қанды оқиғадан кейін күзетшілер жазалануы мүмкін

Қостанай облысы сотының залында әйелді пышақтап өлтіруге қатысты Мамандандырылған күзет басқармасының қызметкерлері жазалануы мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс прокурорының аға көмекшісі Ерлан Майоровтың мәліметі бойынша, 28 ақпанда Қостанай облысы МКҚБ қызметкерлеріне қатысты немқұрайлық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіле бастады. Тергеу шараларын облыс прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасы жүргізіп отыр. Соталды тергеу қорытындыларын прокурорлар алда ...

Толығырақ »

Наурызда қайталама нарықтағы баспана арзандай ма?

Наурызда қайталама нарықтағы баспана бағасы тағы төмендейді. Homsters.kz талдау орталығының мамандары осындай болжам жасап отыр деп хабарлайды tengrinews.kz. «Теңгенің ақпандағы нығаюы қайталама нарықта бағаның төмендеуіне әсер етті, ал жаңа үйлер нарығындағы шаршы метр құны өзгерген жоқ. Наурыз айында қайталама нарықтағы баға төмендей береді» делінген болжамда. Мамандардың мәліметінше, ақпан айында республикамыздың ірі қалалары мен өңірлеріндегі қайталама нарықта баға айтарлықтай төмендей бастаған. ...

Толығырақ »

Сот залында өз әйелін пышақтап өлтірген ер адам мектеп мұғалімі болып шықты

Қостанай облысы Амангелді аудандық сотының залында жасалған қарулы шабуылдың мән-жайы белгілі болды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Биыл 28 ақпанда сағат 10.00 шамасында сот отырысы басталғанға дейін азамат Н.Ж.Бекибаев азаматша Ж.А.Таубаевамен сөзге келіп, күтпеген жерден аяқ кимінің ішінен пышақ алып, оған бірнеше рет сұғып алған. Қақтығыс кезінде судья мен сот қызметкерлері сот залында болмаған. ...

Толығырақ »

Қостанайда дәрігерді өлтіргендер ұсталды

Қостанайдағы облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаеваны жауыздықпен өлтірді деген үш күдікті ұсталды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицияның хабарлауы бойынша, арнайы жедел-тергеу тобы жедел-іздестіру шаралары кешенін өткізіп, жоғары санаттағы сот-психиатриялық сарапшы Рашида Сандыбаеваны өлтіру себептері мен механизмін анықтады. Үш күдікті ұсталып, ісін мойындайтын куәлік беріп отыр. «Қазір қылмыстық топтың өзге мүшелеріне айып ...

Толығырақ »

Андраш Жолт БИРО, Венгрия антропологиялық институтының профессоры: Кейкі батыр қазақ­­тың мүддесін қорғауды мақсат етті

Таяуда Венгрия антропологиялық институтының профессоры, Венгр-Тұран қорының төрағасы Андраш Жолт БИРОМЕН әңгімелескен едік. – Биро мырза, ел аузында есімі «Кейкі батыр» деп құрмет­пен аталатын Нұрмағамбет Көкем­байұлының бас сүйегіне Венгрияда реставрация жасалғаны белгілі. Бір ғасыр бұрын мерт болған батырдың бас сүйегін антропологиялық тұрғыдан қалпына келтіру барысында қандай соны технологияға сүйендіңіздер? – Мажарстандағы антрополо­гия институты – еліміздегі ең ірі ғылы­ми орталықтың бір ...

Толығырақ »