Қостанайда облыстық Ветеринария басқармасының мамандары жаңа туған жиырма құлынның қырылу фактісін тексеріп жатыр деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Бұдан да бұрын хабарлағанымыздай, құлындардың өлімі облыстың оңтүстігіндегі Амангелді ауданында тіркелді. Жергілікті тұрғындар мұны екі жыл бұрынғы ақбөкендердің қырылу жағдайымен байланысы болуы мүмкін деп алаңдап отыр. Ақбөкендер де екі жыл бұрын Жанкелдин, Амангелді аудандарында қырылған болатын. Алайда, облыстық Ветеринария басқармасы құлындардың өлімі ...
Толығырақ »07.03.2017
Қостанайлық дәрігерді 20 мың доллар үшін өлтірген
Қостанайда облыстық психиатрлық ауруханасының бас дәрігерін өлтіру үшін тапсырыс беруші 20 мың доллар берген. Бұл туралы Qostanay.TV Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Іс материалдарына қарағанда, қылмысты ұйымдастыруға қатысы бар делінген күдікті оның әріптесі — Қостанай облысының соты облыстық психиатрлық аурухананың бөлім жетекшісі Зәуреш Изалдина (1972 жылғы). Тергеудің нұсқасы бойынша, қылмыс алдында дәрігерлердің арасында кәсібіне байланысты жанжал ...
Толығырақ »Антына адал дәрігерлер жас қызды ажалдан арашалап қалды
Қостанай облысында санитарлық авиация дәрігерлері 15 жасар қыздың өмірін құтқарып қалды деп хабарлайды alau.kz. Қостанай облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Игорь Белобржицкий хабарлағандай, 3 наурыз күні Денисов ауданындағы мектеп оқушысына шұғыл ота қажет екендігі туралы дабыл келіп түскен. Облыстық балалар және ересектер ауруханасының дәрігерлері жедел түрде санавиациямен балаға жеткен. Дәрігерлер өздерімен бірге 10 литр қан алып келген. Қостанай облысында ...
Толығырақ »Қостанай облысында құлындар не себепті қырылды?
Қостанай облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасы жетекшісінің орынбасары Марат Күзенбаев Амангелді ауданындағы жылқы төлінің жаппай қырылуына не себеп болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Alau.kz. Оның айтуынша, басқарма жетекшісі ауылдарда болып қайтқан. Қазір жағдай реттелген. «Биелердің түсік тастауы қайталанған жоқ. Әңгіме жаппай қырылу туралы. Бұл жағдай 2016 жылдың желтоқсанында басталды. Себептердің бірі — ауа райы. Амангелді ауданында күз суық болды. Оның ...
Толығырақ »