Сот залында қаза тапқан әйелді күйеуі жиі ұрып-соққан

Қостанай облысы Амангелді аудандық сотында күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің әріптестері марқұм әйел жайлы айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Олардың айтуынша, күйеуі оған жиі қол көтерген. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Рашид Есмағамбетовтің айтуынша, Жұлдызай Таубаева 2011 жылы дәрігер-анестезиолог болып қызметке келген.
«Бірде-бір отаны онсыз жасамайтынбыз. Енді ол қызметкерімізден де айырылып қалдық» дейді бас дәрігер. Жұлдызай Таубаева наркозға жауап берген екен. Р.Есмағамбетовтың айтуынша, күйеуі Жұлдызайды жиі ұрып-соққан. Бұл туралы әріптестерінің барлығы білген.
«Ол онымен қазан айында ажыраспақшы болды. Бірақ ол келісімін бермей, Жұлдызайды қорқытып жүрді. Содан 28 қаңтарда ол еңбек демалысын алып, әпкесіне кетті. Тек сот отырысына келді. Бұл күйеуінің екінші некесі, оның психикалық ауытқулары жоқ. Олардың артында 4 жасар баласы қалды. Жақсы әйел, жақсы маман әрі жақсы ана еді» деді бас дәрігер.
Бас дәрігердің айтуынша, қаза тапқан әйелдің артында ата-анасы мен ағалары қалды. Олардың бірі ғалым екен, Қарағанды облысында жұмыс істейді. Ертең жерлеу рәсімі өтеді. Сондай-ақ ол әріптесіне материалдық көмектің көрсетілетінін айтты.
tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *