Архимед Мұхамбетов пәтер кілттерін табыс етті

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай ауданы Заречное ауылындағы «Солтүстік» шағын ауданындағы екі жаңа үйлердегі пәтерлердің кілттерін табыс етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2015-2019 жылдарға арналған Заречное ауылындағы «Солтүстік» шағын ауданында 48 пәтерлі екі тұрғын үй құрылысына қаражат бөлінген болатын.

«Бүгін біз 20 жаңа қоныстанушыға пәтерлердің кілттерін табыстап отырмыз, сондай-ақ, жақын арада тағы 76 отбасы жаңа үйге қоныстанады. Мемлекет басшысының тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тапсырмасын біз уақытында орындауға тырысамыз. Бүгінгі күні Қостанай ауданының көптеген тұрғынында жинаған қаражаты бар, олардың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтер алуға мүмкіндіктері бар. Бұл  үйлерде мемлекеттік қызметшілер, әлеуметтік сала жұмыскерлері мен өзге де азаматтар тұратын болады», — деді облыс әкімі.

Осы шағын аудандағы тұрғын үй құрылысы жалғасатынын атап өткен жөн. Тағы көп қабатты 9 үйдің құрылысы жоспарлануда.

 

Мынаны да қараңыз

Ұлытауда болдың ба, ұлар етін жедің бе?

немесе Ұлытау саяхаты туралы Аяқ астынан сапарға шықтым.. Биылғы жоспар Талдықорған шаһары болатын. Бірақ, жақында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *