Рудныйда цемент зауыты іске қосылады

Биыл маусым айында Рудныйда салынып жатқан цемент зауыты пайдалануға беріледі деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Зауыттың бас меңгерушісі Артем Макласов нысанның құрылыс жұмыстары бітуге таяу екенін айтады.
«Қазіргі уақытта құрылыс 98%-ға аяқталып тұр. Маусым айында пеш жағуды бастаймыз. Осы айда жолға қажетті шикізаттар жеткізіледі. Жақында зауыт ішіндегі айналмалы пештің қосу-баптау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы құрылғылар сатып алынды. Біздің мамандарға пешті дұрыс жағу мен оның баптауларын үйрету үшін Белогород техникалық университетінің қызметкерлері келеді. Олар зауытты іске қосу процесі кезінде де болады» деді А.Макласов.
Мамандар бұл зауыттан сульфатқа төзімді, ұзақ сақталатын «400» маркалы, сондай-ақ, арнайы қоспалар араласқан «500» маркалы цемент өндірілетінін айтады.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов осы цемент зауытының көмегімен бірнеше әлеуметтік нысан мен тұрғын үйлер салуға болатынын ескертіп, облыстық Кәсіпкерлік басқармасына мемтапсырысқа қатысатын компаниялармен кеңесіп, осы сұрақты талқылауды тапсырды.
«Келісімшарт жасау үшін өнім көлемін анықтап алыңыздар. Бұған қоса бізден өндірілетін цементті басқа өңірлерге ұсыну қажет. Әсіресе, БҚО, Ақмола облысы мен Астана қаласына шығу керек. Әрине, алдымен облыстың қажеттілігін өтеуді күн тәртібінен түсірмеңіздер. Цемент сұратып отырған жергілікті компаниялар баршылық» деді А.Мұхамбетов.
Аймақ басшысы Рудныйдан шығатын цемент бағасын Ресейден әкелінетін өнім құнымен бірдей қылуды тапсырды. Себебі, экспортқа шығарылатын өндірістік өнім бағасы кемімеуі тиіс.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *