Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Горянная бұқаралық ақпарат құралдары үшін өткізілген брифингте мәлімдеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бағдарламаны жүзеге асырып келе жатқан кезең ішінде микрокредит алу жөнінен Қостанай облысы 6-орын алады. Әсіресе, әйел кәсіпкерлердің белсенділігі күшті, микрокредиттің 47 пайызына әйелдер қол жеткізген. Олардың басым көпшілігі Рудный және Арқалық қаласында тұрады.
«Соңғы жылдары әйел кәсіпкерлер арасында көп балалы аналар жиі көрініп жүр. Солардың бірі — Арқалық қаласындағы Гүлзира Сейдаханова. Ол 5 бала өсіріп отыр, қаладағы сауда ғимаратын қалпына келтіріп, «Әли» құрылыс материалдарын сататын дүкен ашты. Ол нарықты зерттей білген, тұрғындар сұранысын қанағаттандырып отыр», — деді Роза Балагерденқызы.
Снымен қатар ол жастар арасында да кәсіпкерлік дамып келе жатқанын жарқын мысалдармен айтып берді.