Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы Батырбек Ахметовпен әңгіме өрбітіп, Қордың алға қойған мақсат-міндеттерін таныстырды. Басты құжат Үндеу-Манифестің мазмұнымен танысқан Батырбек Мықансалықұлы негізгі бағыттардың өзектілігіне тоқталып, сәттілік тіледі.

«Әсіресе, Заң алдындағы теңдік ¬– өте маңызды. Өз ісіне жауапкершілік алмайтын органдар бар. Соның салдарынан азаматтардың құқығы тапталып жатады. Мұндай келеңсіздікке жол бермей, көп болып күресу керек, — дейді мемлекеттік қызмет ардагері.

Сондай-ақ Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы көп болып жұмылған істің нәтижелі боларына сенім білдірді.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облыстық өкілдігі

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...