Сапарбаев Қостанай супермаркетін аралады

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қостанай облысына жұмыс сапар барысында «Рахат» сауда орталығындағы «Rauzet» супермаркетіне барды. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Б.Сапарбаев негізгі азық-түлік тауарлары бағасының жөнсіз өсуіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің айтуына қарағанда, өңірлік тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 14 түрінен 8,7 мың тонна өнім жиналған. Бұл мақсатта 1,2 млрд теңге жұмсалыпты.

Ал Қостанай облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жансұлтан Таукеновтің айтуына қарағанда, облыста нан бағасы тұрақты. Наубайханаларға бөлетін ұнды қолжетімді бағамен жинау үшін «Тобыл» кәсіпкерлік корпорациясы 300 миллион теңге бөлген.

«Бұл келер жылы қажетті өнім бағасының өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Негізі тұрақтандыру қорынан нан пісіретін ұнды 94 теңгеден аламыз. Ал наубайханалар бір бөлке нанды 80 теңгеден, дүкендер 80-83 теңгеден сатады» деді ол.

Б. Сапарбаев дүкен сөрелерін қарап шығып, отандық тауарлардың сапасымен танысқанын айта кетейік.

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *