Синоптиктер 29 сәуірде Қазақстанның 6 өңірінде ауа райы бұзылады деп болжайды.
Алматы облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, батыстан қатты жел соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қаласында да 29 сәуірде түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының түнде басым бөлігінде жаңбыр, облыстың солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі.
Солтүстік-батыстан, батыстан соққан 15-20 м/с құрайды. Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. 29-30 сәуірде түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел 25 м/с дейін жылдамдықпен соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 жетуі ықтимал.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерінде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %