Қостанай облысында жоғалып кеткен 2011 жылғы жеткіншектің денесі судан шығарылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
20 маусым күні Федоров ауданында тұратын 8 жасар бала үйінен шығып, содан қайтып оралмаған.
«ТЖД құтқарушылары баланың денесін судан шығарды. Жазғы маусымда ата-аналарды балаларын жалғыз қалдырмауға шақырамыз. Суға шомылу кезінде қауіпсіздік сақтаңыздар», — деп ескертті ведомоствоның баспасөз қызметі.