26 қыркүйек күні, яғни бүгін сағат 18:30-да «Хабар» арнасында «JUNIOR EUROVISION – 2020» байқауына қатысушыларды ұлттық іріктеуінің финалы көрсетіледі.
Телевизиялық өнер сайысында финалист Ақжібек Манарбекқызы да ән шырқайды. Ол елордада туған. Нұр-Сұлтан қаласындағы №59 мектеп-лицейінің 8 «Г» сынып оқушысы. 7 жасынан бастап ән айтады. Халықаралық көптеген конкурстың жүлдегері. Былтыр «Барлық бала ән шырқайды» байқауы 5-кезеңінің бас жүлдесін жеңіп алған.
Сондай-ақ Ақжібек 5 жасынан бастап тоғызқұмалақ ойнайды, би билейді. Болашақта тоқыма тоқуды, фортепианода ойнап, гитара тартуды үйренгісі келеді. Талабы таудай.
Алар асуың көп болсын, Ақжібек!
Ақжібек Манарбекқызына дауыс берейік, достар!