(Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫНЫҢ жеке мұрағатынан)
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) – данышпан, ақын, өзінің өлеңдері мен қарасөздерінде өз халқын «жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге» шақырумен бірге қазақ халқының әдет-салттары, мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі туралы мол мұралар қалдырды. Оның «Жаз», «Ескілік киім», «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ», «Қансонарда бүркітші шығады аңға» т.б. көптеген өлеңдері ұлттық ерекшелігіміздің жанды көріністерін бейнелейді.
Алтынсарин Ыбырай (1841-1889) – ұлы ағартушы лаларды оқыту, «Қазақ хрестоматиясы» сияқты оқулықтар жазумен шұғылданып қана қоймай өз елі-жұртының тұрмысы мен әдет-ғұрпына да назар аударып бірнеше ғылыми-танымдық еңбектер мен шығармалар жазған үлкен этнограф-ғалым. Сондай еңбектерінің бірі – «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда тұсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі» (1870) деп аталады.
Қорқыт ата (ІХғ) – түркі жұртшылығының ойшылы, халық даналығының ірі өкілі. Қорқыттың музыкалық-этнографиялық мұрасы «Қорқыт ата кітабы». Бұл еңбек тарихи-этнографиялық жағынан да, орта ғасырдағы тәлімдік ой-пікірлер жағынан да ерекше құнды шығарма.
Махмұт Қашғари (ІХ ғ) – «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Бұл жинақта Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық өмірінің алуан салалары қамтылған. Әдеп, тәлім-тәрбие, адамгершілік сипаттағы ой-пікірлері бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Солардың қатарында «Түркі халықтарының жыл қайыруы», «Түркі халықтары мен тайпалары» деп аталатын еңбектері бар.
Захир Ад-дин Мұхаммед Бабыр (1483-1538) – тарих, этнография, астрономия, география, биология, әдебиет т.б. ғылымдарды жете меңгерген шығыс ғұламасы. Оның «Бабырнама» атты энциклопедиялық аса құнды шығармасында өзі жүрген, басқарған елдердің, соның ішінде қазақ жер-суының, салт-дәстүрлері туралы айтылған.
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) – барлық өмірін Орта Азия, Шығыс Түркістан, Үндістан т.б. елдерде өткізіп, жорық жолдарында, ат үстінде жүріп «Тарих-и Рашиди» атты классикалық шығарма жазып қалдырған. Мұнда жоғарыда аталған елдердегі халықтардың тарихы, сән-салтанаты, тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, т.б. жайлы кең қамтылған оқиғалар мен қызықты деректер бар.
Әбілғазы Баһадүр хан (1603-1664) — әйгілі «Түркімендер шежіресі», «Түрік шежіресі» атты тарихи шығармалар жазған білімпаз. Әсіресе, соңғы еңбегінде ол қазақ, өзбек, қарақалпақ халықтарының тарихы мен шежіресі, өмірі жайлы көп деректер келтірген.
Алекторов Александр Ефимович (1861-1918) – қазақ елінің тарихын, мәдениетін, этнографиясын және ауыз әдебиетін зерттеп, «Қырғыз есімдері» (1886), «Қырғыздар өмірінің бейнесі», «Бақсы» (1886) т.б.этнографиялық, танымдық еңбек жазған.
Кәшімов Мұхаметсәлім (1884-1935) – қаламгер, ұстаз, «Әдеп» (1907), «Насихат қазақия» (1908), «Ақыл кітабы» (1908) т.б. шығармаларында мәдениет, оқу, білім, әсіресе тәлім-тәрбие жұмыстарын ұлттық салт-дәстүр негіздерінде жүргізуді насихаттаған. Қытай, қырғыз қазақтары арасында жүріп жазған этнографиялық еңбектерінде елдің тұрмыс-салты мен әдет-ғұрыптары жайында тәлімдік ой-пікірлер қалдырған.
Дауылбаев Бейбіт (туған, өлген жылы белгісіз) – қазақ өмірінен этнографиялық материалдар жинап, Орынборда қазақ музейін ұйымдастыруға атсалысқан. Торғай даласындағы қазақтар тұрмысы жөнінде құнды ғылыми еңбектер жазғаны (1830-1880) үшін Орыс Географиялық қоғамның күміс медалімен наградталған.
Бабажанов Мұхамет-Салық (1832-1898) – ХІХ ғасырда Орыс Географиялық қоғамымен байланыс жасап қазақтың діни сенімі, аңшылық кәсібі, жылқы өсіру, қымыздың шипалық қасиеттері т.б.тұрмыстық мәселеле жөнінде мақалалар жазды, құнды заттар тауып тапсырды. Оның «Нарын құмындағы географиялық және этнографиялық мәліметтер» (1871), «Қырғыздың қырғыздар туралы жазбалары» (1861) атты зерттеу еңбектері басылған.
Бекимов Молданияз (1882-ө.ж.белгісіз) – қазақ этнографы, аудармашы. «Орал облысындағы қырғыздардың (қазақтардың) үйлену ырым жорасы» (1906), «Этнографиялық материалдар» (1910) деген еңбектері ХХ ғасыр басында жеке этнография мәселелері мен жұмыстарына белсене араласқан.
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1866-1937) – қоғам қайраткері, публицист, әдебиетші, аудармашы, экономист. «Ол қазақ тұрмысының нағыз әмбебап энциклопедиясы» деген В.А.Радус-Зенкович. Ә.Бөкейхановтың қазақтың тарихы мен мәдениетіне арналған күрделі еңбектері «Қырғыздардың жерлеу салттары туралы» (1900), «Россия. Біздің отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» (1903) томдық кітаптың 18 томында жарияланған. Ол «Қарғыз аймағының тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері» деп аталған.
Ақбаев Жақып (1876-1934) – қоғам қайраткері, заңгер. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары негізінде бірнеше еңбектер жазған. Оның «Қазақтардың семья-неке қатынастары» (1907), «Қазақтың шығу тегі туралы» (1927) атты ғылыми-зерттеу еңбектері жарияланған.
Байтұрсынов Ахмет (1873-1938) – мемлекет қайраткері, ғалым, публицист, әдебиетші әрі ақын. Ол қазақ мәдениеті мен өнері, ғылымы саласында орасан еңбектер жасады. Халықтың ауыз әдебиеті мен мәдениетіне аса зор көңіл аударып «23 жоқтауын» құрастырып (1926) және «Қазақ мәдениеті» деп аталатын күрделі еңбк жазған. Соңғы еңбегі өзі тұтқындалған кезде жоғалып кеткен.
Потанин Григорий Николаевич (1835-1920) – түркі халықтары тарихын, салт-санасы мен әдет-ғұрпын зерттеген, қазақ даласында болған ғалым, фольклор жинаушы әрі этнограф. Шығыс халықтары арасында болған бірнеше экспедициялда болып (1879-1880), Орта Азия географиясы мен этнографиясы туралы жазбалары жоғары бағаланған.
Қасиманов Садық (1902- ) – қазақ мәдениеті мен өнерін зерттеп, жазуда көп еңбек сіңірген педагог әрі этнограф. Оның «Қазақ халқының қол өнері», «Қазақтың ұлттық ойындары» деп аталатын зерттеу жинақтары ұлт қолөнері мен тәрбие саласындағы күрделі еңбектер қатарына жатады.
Жәнібеков Өзбекәлі (1931-1998) – тарихшы, этнограф, мемлекет, қоғам қайраткері. Қазақ халқының мәдениеті, өнері мен әдет-ғұрыптары саласында көптеген еңбектер жазып қана қоймай, оның дамуына үлес қосты. «Қазақтың ұлттық қолөнері», «Жаңғырық», «Жолайрықта» (1995) т.б. этнографиялық, танымдық жинақтары жарық көрген.
Диваев Әбубәкір (1856-1933) – қазақ халқының мәдени, әдеби мұраларын, этнографиялық қазыналарын, ауыз әдебиетін жинауда және оны бастырып шығаруда көп еңбек сіңірген ғалым. Оның «Әйеке болысты жоқтау» (1904), «Түстің баяны», «Қазақ ырымдары» (1902), «Қазақ жастарының желгі ойындары» (1907) т.б. көптеген еңбектері ел дәстүрі мен ғұрпының тағылымдық жақтарын айқын көрсете алуымен құнды.
Халиди Құрбанғали (1846-1913) – тарихшы, этнограф. «Тарих хамса» («Шығыстағы бес елдің тарихы») (1910) атты аса құнды тарихи-этнографиялық кітап жазды. Мұнда әсіресе, қазақ халқының этнографиялық мұралары,мәдиниеті мен тұрмысына,әдебиетіне мол орын берілген.
Марғұлан Әлкей Хақанұлы (1904- )‑белгілі ғұлама, тарихшы, археолог, этнограф.Кең байтақ қазақ даласындағы мәдиниет ескерткіштерін, архиялогиялық, этнографиялық қазыналарын терең зерттеп, « Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан » (1950), «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдиниеті » (1966), « Хандар жарлығының тарихи ‑ әлеуметтік мәні »(1945) т.б. жүздеген еңбектері мен мақалаларында халықтың қол өнері мен мәдениеті , өнері, әдет ‑ салты , тұрмыс дәстүрлері жөнінде мағынасы зор деректер мен жаңалықтар ашты.
Янушкевич Адольф (1803-1857)-поляк революционері. Қазақ даласында болып, жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы , әдет‑ғұрпы, салт – дәстүрі туралы өз пікірлерін білдірген көптеген хаттары бар.Ол «қазақ даласына саяхаттан күнделік және хаттар » (1861) деген атпен поляк тілінде басылған.
Паллас Петр Симон (1741-1822)-неміс ғылымы, этнограф. Каспий маңайы, Башқұртыстан аймақтарында болып «Россия мемлекетінің әртүрлі провицияларына саяхат » (1773-78) деген еңбегінде қазақтар өмірінен этнографиялық талдаулар жасат, олар туралы пікірлер қалдырған .
Левшин Алексей Ираклиевич (1741-1879)‑қазақ халқы және оның шаруашылық, тұрмыс, әдед‑салттары жөнінде көптеген тамаша еңбектер жазған ғалым.Оның «Қырғыз – қазақ немесе қырғыз – қайсақ далаларының сипаттамасы »
(1832) аталған елдің тарихы мен мәдениеті жөнінде өте көп мағлұматтар берілген. «Қазақ халқының аты – жөні және оның нағыз немесе жабайы қырғыздардан айырмашылықтары туралы» (1827) еңбегінің де маңызы өте зор болды.
Марко Поло (1254 – 1324)‑ итальян саяхатшысы, 13 ғасырда Қытайға сапар шегіп , қазақ жерін басып өткен. Осы сапарында «Кітап» атты жазба мұра қалдырып, Шығыс және Орта Азия елдерінің өмірі мен тұрмыс-салты жөнінде алғаш еңбек қалдырған адам. Марко Полоның аталған еңбектері негізінде 14-15 ғасырларда Азия картасы жасалды.
Вамбери Арминии (Герман) (1832-1913)-венгрдің ғалым, этнографы. 19 ғасырда Орта Азия, Иранға саяхат жасап «Орта Азияға саяхат» (1874), «Орта Азия очерктері» (1868) т.б. кітаптарында азиялық басқа халықтармен бірге халықтардың тарихы, шаруашылығы және әдет – ғұрыптары хақында көптеген жазба еңбектер қалдырған.
Вульфсон Э.С (т.ө. жылы белгісіз)‑Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері , білім‑тәрбиесі,салт‑дәстүрлері мен тұрмыс жайына ерекше ден қойып зерттеген. Сонымен бірге қазақ халқына үлкен ықыласпен қарап, біршама жақсы, дәйекті жазбалары «Қырғыздар» (1901) деп аталатын кітабында көрсетілген.
Каруц Рихард (т.ө. жылы белгісіз) – « Среди киргизов и туркменов на Мангышлаке» (1910) атты еңбек жазған . Бұл кітапта автор қазақтардың бала тәрбиесі және олардың ойын түрлері мен ойыншықтары , музыкалық тәрбие т.б. жөнінде нақты деректер келтірген.
Аничиов Иван Васильевич (1863 ‑ ө .ж . белгісіз) қазақ елінің салт – дәстүрін , әдет – ғұрпын құрметтеуге шақырған белгілі Шығыс зерттеушісі . Ол «Ұмытылған өлке» , «Қырғыз даласындағы халық шаруашылығының құлдырауы» атты күрделі ғылыми еңбектерінде қазақ халқының ауыр жағдайын айтып , оған ара үсті . Оның қазақтың жерлеу дәстүрлері жөнінде жазған деректері де бар.
Шорманов Мұса (1819 – 1885) – «сирек кездесетін тамаша адам» деп
Шоқан Уәлиханов бата берген бұл кісі қазақ халқын басқа елге таннуға аса зор еңбек сіңірген қайраткер. «Павлодар уезінің заңдары туралы» (1861) , «қазақтың халық дәстүрі» (1871) Батыс Сібір халықтарының мал шаруашылығы (1883) т.б. мақалалары халық өмірі , тұрмысы , салты , жол – жоралғысы хақындағы маңызы зор зерттеу шығармаларының қатарына қосылған.
Уәлиханов Шыңғыс (1811 – 1895) – белгілі қазақ білімпазы , полковник , Шоқанның әкесі . Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетін , шаруашылығын, әдет – салтын терең білетін білікті маман ретінде Шыңғысқа этнографиялық құндылықтар жөнін де орыстың Н.Костыылецкий , И.Березин сияқты ғылымдары хат жазып отырған . Ш.Уәлиханов тапсырған этнографиялық бұйымдар Петербург,Мәскеу музейлерінде күні бүгінге дейін сақтаулы тұр.
Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865) – «сегіз қырлы бір сырлы» ұлы ғалым өзінің зертетеушілік өнерінде де өз ұлтының тарихы мен этнографиясына өлшеусіз үлес қосты. «Қазақтар туралы жазбалар», «Көне замандағы қазақтың қару-жарақ, саыт-саймандары», «Қазақтың көші-коңы» т.б. көптеген еңбектері мен очерктерінде қазақ даласының саяси-әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, тәлім-тәрбиелік, салт-саналық әдеттері мен қағидалары жөнінде тамаша жазба мұраларын қалдырды.
Қостанаев Құдабай (т.ө.ж. белгісіз) – этнограф. «Перовск және Қазалы уездері қырғыздарының этнографиялық очерктері» деген еңбегінде қазақтың көшу-қону, тұрмыстық жайы, үйлену салттары, ою-өрнек, зергерлік, қол өнері, тәлім-тәрбиесі, діні мен сенімі хақында күрделі әрі маңызды деректер мен мәліметтер қалдырған. Оның еңбегіне белгілі орыс этнограф-ғалымдары назар аударған.
Биқұмар Кәмәләшұлы (1953 ж.т.) – ғалым, қаламгер, этнограф. Халықтың ұлттық салт-дәстүрлерін түбегейлі саралап зерттеп, оған көп еңбек сіңірді. Солардың ішінде «Қазақтың дәстүрлі құсбегілігі және атбегілігі» (2006 ж.) атты еңбегінің орны мүлде бөлек. Елдің саятшылық, атбегілік салты мен кұпия сырын көрсетуде Биқұмар әрі қызықты, әрі терең мағыналы еңбек жасаған зерделі зерттеушілердің алдыңғы катарларында тұр.
Нығмет Мыңжан (19 ж.т.) – таихи еңбектерімен танымал болған зерттеушінің «Қазақтың қысқаша тарихы» деп аталатын шығармасынан көп жайды аңғаруға болады. Әсіресе, осындағы тұрмыс-салт, киім-кешек, ойын-сауық, әдет-ғұрып, тұмыс-тіршілік, сенім-наным, әдебиет жөніндегі тараулар ұлт мәдениетін зерттеудегі үлкен табыс деуге болады.
Құмарұлы Яснын (1957 ж.т.) – Қытайда тұртын қазақ этнографы. «Ұлы даланың рухани арнасы», «Қазақтың салт-дәстүрлері» (Шыңжаң 2007 ж.) атты көлемді жинақтары жалпы қазақ елінің шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер салаларындағы ұлттық дәстүрлердің өзіндік орны мен қызметін, маңызын шебер жеткізе білуімен құнды ғылыми туындылар қатарына жатады.
Су Бихай (1915 ж.т.) – қытай тарихшысы, этнограф. Ол ҚХР-дың батыс өңіріндегі халықтардың тархы мен мәдениетін көп жылдар бойы зерттеп, көлемді ғылыми еңбектер жазған. Соның ішінде «Батыс өңір тарихы мен жағрапиясы», «Қазақ мәдениетінің тарихы» (Шыңшаң халық баспасы, 2005ж. 800 бет) сияқты аса көлемді зерттеу еңбктерінде қазақ халқының рулық таңбалары туыстық атауларының түрлері, құдалық, неке, отбасы ережелері мен тәртіптері, еркек, әйел киімдері, тағамдары, той, бәйге өткізудің жөн жосықтары туралы талдаулары, ой пікірлері ұлт мәдениетінің жағымды жақтарын айырықша көрсеткен.
Бөкеев Жәңгір (1801-1845) – хан. 19 ғасырда қазақ мәдениетін дамыту үшін мектеп, медресе, сауда орындары, қала салдырған зиялы адам. Билік басында отырып ол ағартушылық, халықтың этнографиялық бұйымдарын жинастыру және дамыту істерін қолға алды. Ел ішінде әдет-ғұрып, ежелгі ереже-тәртіп, хұқық, салт- сана т.б. ұлттық жол-жораларды іске асырды. Өнер, ғылым, білім адамдарына қамқорлық жасады.
Мұқанов Сәбит (1900-1974) — қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға және оны насихаттауға зор үлес қосқан жазшының ұлтымыздың этнографиялық құндылықтарына көп назар аударған. Соның ішінде оның «халық мұрасы» (1974) атты тарихи және этнографиялық шығармасының орны бөлек. Мұнде ел- жұртымыздың дүние танымы, шаруашылығы, мекен жайы, азық-түлігі, киім-кешегі, жан азығы, ауыз-әдебиеті сияқты сан-алуан тіршілігі мен салт-сана, әдет-ғұрыптары жөнінде кеңінен таратылып атылған.
Радлов Василий Васильевич (1837-1918) – түрік тектес халықтардың, соның ішінде қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен этнографиясы, ауыз әдебиеті, әдет- ғұрпы жөнінде өте көп материал жинаган ғалым. Татар, қырғыз, қазақ елдерінде болып, «Оңтүстік Сібір және Жоңғар халықтары», «Даланың түрік көшпенділері», «Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері» т.б. бірнеше томдық еңбектері аталған халықтар тарихы мен тұрмыс-тіршілігіне, этнографиялық бай қазыналарына арналған.
Ядринцев Николай Михайлович (1842-1894) – маңызды археологиялық, этнографиялық еңбектерін Сібір даласы мен онда тұрған халық халықтарға арналған шығыс зерттеушісі. « Көшпелі тұрмыс және даладағы зерттеулер» (1886), «Сібір бұратана халықтары, олардың тұрмысы мен қазіргі жағдайы» (1891) деп аталатын күрделі еңбегінде шығыс халықтарының оның ішінде қазақ халқының өмірі мен шаруашылығы, ұлттық салт-сана, әдет-ғұрпы жөнінде аса құнды материалдар бар.
Жүнісов Ахмет (1926-1998) – жазушы. Халқымыздың байырғы әдет-салттары, дәстүрін, тұрмысын «Фәниден бақиға дейін» (1994) атты этнографиялық еңбегінде көрсеткен. Мұнда киіз үйден бастап, халықтың кәсібі, тұрмыс мәдениеті, тағамдары мен ойын-сауықтары, мерекені өткізу жайлары, оның кейбір белгісіз қырлары мен сырларын көрсете отырып, ең ақыры топырақты өлім кезін де ашып жазған.
Арғынбаев Халел (1924-1998) – халықтың қол өнері және оның түрлері мен ерекшелктерін этнографиялық тұрғыдан жан-жақты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалым. Қол өнерінің ағаш, тері, мүйіз, сүйек ұқсату, тас, металл өңдеу жөнінде «Қазақ халқының қол өнері» (1987) т.б. қызықты монографиялар мен еңбектер жазды.
Кейкин Жәрдем – бұрын жауапты партия, шаруашылық жұмыстрдың басында жүрсе де халықтың ұлттық мәдениеті мен этнографиялық пайымдауларын жиып, теріп бірсыпыра еңбектер жазп, көпшілікке ұсынды. «Қазақтың 777 мақал- мәтелдері» (2007), «Қазақы атаулар мен байламдар» (2006) және басқа да халыққа пайдалы танымдық еңбектері өз халқының тұрмысы мен тіршілігін білгісі келгендерге үлкен көмекші құрал бола алады.
Жинақтап, ұсынған – Зәмзәгүл СЕЙІТҚЫЗЫ