Осы аралықта менің жадымда бір бас қосуда тарихшы Манаш (Қозыбаев) ағамыздың айтқан бір әңгімесі тірілді. – Бірінші, – депті Адам ата ұлына, – ойлан балам, мал-дүниенің соңына қатты беріліп түспе, өйткені ол ұйқыңнан қалдырады. Ауру қылады. Мейірімсіз етеді. Көз ештеңеге тоймайтыны белгілі. Ол бір уыс топырақпен ғана толады. Екінші, өз жұмысыңның түпкі нәтижесін ойла. Сабырлылық сақта. Пайда-зиянын екшей біл. Үшінші, ...
Толығырақ »Monthly Archives: мамыр 2016
ТАСМЕШІН
Әбіқай Нұртазаұлы Жұмабай ақын мектебіндегі ақындар тобынан саналады. Кезінде ауызша айтқан өлеңдері қағазға түспей, ел аузында сақталған. 1957 жылы Қайнекей Жармағамбетов ақынның бірқатар шығармасын баласы Ахметқанның айтуы бойынша жазып алған. Олардың ішінде «Тас мешін» дастаны, «Абайды оқығанда», «Мешін толғаулары» сияқты шығармалары бар. Бүгін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай біз ақын Әбіқай Нұртазаұлының «Тасмешін» дастанын оқырманның есіне тағы бір ...
Толығырақ »Жол үстіндегі екінші әңгіме
Біз тағы да жол үстіндеміз. Бағыт – туған жер – Торғай. Туған жер – түп қазық, айналып келіп тұрар мекенің. Әрине, әр сапардың өзінің мақсат-мұраты болады, бұ жолғы сапардың да өз реті бар, Алматыдан шығарда бәрі пысықталған, бағдар айқын. Жолбасшы – Кенжекең – Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев, бүгінгі заманның айтулы ғалымы, ғұлама ұстаз, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық Ғылым ...
Толығырақ »Жол үстіндегі бірінші әңгіме-4
Қоғабай Сәрсекеев: Елге де келдік, иә, көңіл орнықты! Қазақтың әр жері – тұтас өңірі тұнған тарих. Әйтсе де Торғайда тәу революция бастау алды, бұл Кеңесары жорытқан атырап, Аманкелді төңкеріс жасаған аймақ, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов дүниеге келген жер, партия тарихында тұңғыш рет аудандық партия комитетінің бюросы тараған ел ретінде Торғай тарихта қалған өлке. Осы өңірдің бүгінгі келбеті қандай әсер ...
Толығырақ »Жол үстіндегі бірінші әңгіме-3
Қоғабай Сәрсекеев: Ол қандай кедергі? Кенжеғали Сағадиев: Кедергі дегенің жетеді. Кедергіге тосқауыл қою үшін басқару жүйесін жетілдірмесе болмайды. Іс-қағаз жүргізуге бюрократтық кіріптарлықтан арылуымыз керек. Ал енді сыбайлас жемқорлық деген біздің елде ойық іспеттес болып кеткен, жақындағанды өз түбіне тартады да кетеді. Ел басы осы қауіпті дер кезінде көре білді, соған күрес ашты. Бұны біз баршамыз болып қолдауымыз керек. Бұл бізге ...
Толығырақ »Төлен ӘБДІКҰЛЫ ТАЛАСБАЙ
Заман ауысқан кезде өткен билiк жүйесi тұсында жасалған қиянаттар екшелiп, зерделенiп, сан түрлi сараптан өтедi. Қанша адам жазықсыз сотталды, қаншасы атылды, қанша мал, қанша дүние-мүлiк зорлықпен тәркiлендi – бәрi, шамамен болса да, есептеледi. Есептелмейтiн тек рухани шығындар. Үйткенi адамның iшкi азабын есептейтiн тәсiл жоқ. Сенiң рухани сенiмiң, ұжданың көзге көрiнбегеннен кейiн аса маңызды нәрсе болып есептелмейдi. Алайда, барлық заманда да адамдар мал-мүлiк ...
Толығырақ »ӘКЕ
Бүгін торғайлық ұстаз-ақын, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Торғайдың гимні» атанған «Туған жер – Торғайым» туындысының авторы – әкем Ғалымбек Әбілқайырдың туғанына 74 жыл… Осыдан төрт жыл бұрын дүние салғанда егіліп отырып жазған осы бір жазбамды тағы бір мәрте ұсынып отырмын. Автор …Біз үшін асқар тау болған асыл әкеміз өмірі өлмейтіндей көрініп еді-ау… Әкем Ғалымбек Әбілқайыр өз ортасына сыйлы, қадірменді ұстаз ...
Толығырақ »Жол үстіндегі бірінші әңгіме-2
Қоғабай Сәрсекеев: Бір кездегі, Қояндыағаштағы қалың ауыл жоқ боп шықты, жұрты ғана қалған. Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетов ауылы енді елсіз. Иә, бұл да бір тарихи жер еді. Басықара баласы Қанапия өмір сүрген өңір еді ғой бұл жер. “Неге бұлай?” деген сұрақтар көңілді мазалай береді… Осы атыраптың табиғаты-ай – жағалай көл, шоқ-шоқ тал, қалың қарағай, ақ балтыр қайың мұңая қарауытады. ...
Толығырақ »Жол үстіндегі бірінші әңгіме
Қоғабай Сәрсекеев: Кенжеке! Елге бірге барып қайту ойы екеуміздің де көңілімізге көптен жүргенмен сәті осы жолы түсті. Ақ жол үстінде келеміз. Бағыт – туған жер – Торғай! Кім-кімге туған жер қымбат! Туған өңір Торғай бізге аса ыстық! Жарықтық шын мәніндегі киелі жер-ау! Академик Зейнолла Қабдолов «Ұлттың ұясы» атаған алқап! Кенжеғали Сағадиев: Оған сөз бар ма, туған жер – түп қазық, ...
Толығырақ »Өмірі өнегемен өрнектелген
…Өтпелі дүниеде адам баласына берілген санаулы ғұмыр бар. Ол біреуге аз, біреуге көп. Біреулер оның бір сәттік екенін біле тұра мансабына, байлығына, елдің уақытша біткен қошеметіне мақтанады. Ал менің кейіпкерім өмірден ұстаздықпен өтіп, сан шәкірт, саналы ұрпақ қалдырды, сол үшін де онымен ел мақтанады. Әкесі Гәкаша Әбілқайырұлы Торғайдағы сонау өткен ғасырдың 40-шы жылдары «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған 3 ...
Толығырақ »