Monthly Archives: шілде 2016

Қазақстанға рахмет…

Осыдан үш-төрт жыл бұрынғы оқиға еді, әлі күнге ойымнан кетпейді. Қытайдағы Іле қазақ облысына қарасты Үлкенқұштай деп аталатын туған жерімізге барып демалып жатқан кезіміз еді. Мен туған ауылмен жапсарлас отыратын Қайыңды деген ауыл бар. Бір күні сол ауылдағы туысқан ағамыз үйіне қонаққа шақырды. Біз де айтулы уақытта сол үйден төбе көрсеттік. Түс мезгілі болатын. Үйге жасамыс тартқан, қараторы көрші әйел ...

Толығырақ »

Министрлерді мінегеннен мүйіз шыға ма?!

Үнемі кемшіліктері көзтүрткі болып, басынан дау арылмай келген ҚР Білім және ғылым министрлігінің қазіргі аяқ алысы қуантарлық. Негізінен Ерлан Сағадиев басқарғалы бері білімі біріздендіріліп, реформасы ретке келе бастағаны анық. Жаңа министрдің тағы бір жағымды жаңалығы бар. Ол енді алдағы үш-төрт жылдың ішінде орысша оқитын жарты миллион оқушыны қазақша сөйлетпек. Қазір мемлекетшіл министрдің маңызды мақсатын елге жанашыр журналистер ауыздан-ауызға іліп әкетуде. ...

Толығырақ »

Қалмақ жұртының қарғысы

Дүниедегі небір уақиғалардың түбінің қайырлылығын тілеу әйтеуір жақсылыққа әкеледі. Естеріңде жүрсін, бір әңгіме айтып берейін. «Баяғыда қалмақ шапқыншылығынан елді босатып, әбден жерсініп қалған даладан мықтының мысы басып ауып бара жатқан қалмақтар «Көк майсасы белден келетін, балығы тайдай тулаған, ұшқан құсы жыртылып-айырылған қайран, сахарам-ай, сақау қазаққа қалып барасың-ау» деп Еділдің қарсы бетіне шығып, қолын теріс жайып былай деп қарғапты: Бірінші — ...

Толығырақ »

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ: Ақын деген құрбаның бар, атағыңды ұрғаным бар!

Өлгендер қайтып келмейді. Б.Соқпақбаев – Өлгендер қайтып келеді, – Десем сен, Әсте сенбейсің. Себебі, досым, Себебі – Сен, сірә, мәңгі өлмейсің. Болғанмен Баста бір өлім. Өлмейтін жанға саналған. Себебі, сенің жүрегің – Қара тас болып жаралған. Еңіреп, жылап Есіл жыр – Боздайды күнде інгендер. Өлексе күйін кешіп жүр, Өлгісі келмей жүргендер. Жамылып атын тірінің Жүрегі ғана дүрсілдер… Солардың мен де ...

Толығырақ »

Торғайдағы көтеріліске не себеп болды?

1916 жылы қазақ даласындағы ұлт-азаттық көтерiлiстерi­нен кеңестiк тарихта көбiрек жазылғаны –Торғай көтерiлiсi. Қазақ даласының кiндiгi, Алаш қайраткерлерiнiң туған жерi –Тор­ғайдағы көтерiлiстi кеңестiк тарих Амангелдi Иманұлы, iшiн­ара Әлiби Жангелдинмен байланыстырса да, мұның шындығы мүлде басқа. 1915 жылдан бастап елге әлеуметтiк қысым күшейдi. Сол кезде әр шаңырақтан жиналатын салық түрлерi: түтiн салығы – 4 сом 50 тиын, земство салығы –3 сом, болыс салығы –3 сом. Осы мiндеттi үш салықтың ...

Толығырақ »

Кейуананы алдаған кімдер?!

Нұржамал Бозшинаның үй дауымен әуре болып жүргеніне алты жылдан асып барады. 1993 жылы мемлекеттік бағдарламамен берілген, оның өзінде талай табалдырықты тоздырып жүріп әрең алған баспанасын бүгінде басқа біреулер иемдеыніп отыр. Нұржамал апаның айтуынша, үйге иелік еткендердің ісі – заңсыз, жең ұшынан жалғасқан сыбайластық. «Балаларым әкелеріне қарайласып тұрды» Бозшин Сәбитбектің (Нұржамал апаның жұбайы) отбасы 1983 жылға дейін Амангелді ауданының Крупская (қазіргі ...

Толығырақ »

Білім жарысы бізге керек пе?

Білім жарысы Білімді жұрттарда білім жарысы деген болады. Ол жарыста бәйгеге түсе алатындар білімділер, зейінділер. Оларға бәйге тігіп, жарыстыратындар бай адамдар я обществолар. Бәйге тігу, жарыс істеу біздің қазақта да бар. Қазақта бай адамдар я қуаныш нәрсеге той істеп, ат шаптырады, я өлген адамына ас беріп, ат шаптырады. Байлығына қарай, адам-дығына қарай ас пен тойдың үлкені де, кішісі де болады. Барлығы бәйгеге тіккен малынан ...

Толығырақ »

Қазақтар әскерге неге алынбады?

Әлқисса… XV ғасырдың орта кезінде өз алдына отау тігіп, өзге жұрттардан бөлініп шық­қан кезден бастап қазақ халқы жүздеген жылдарға созылған жаугершілік заманды басынан кешірді. Жері мен елінің бос­тан­дығы үшін жан берісіп, жан алысқан ұрыс­тар барысында әлемнің бірде-бір халқында жоқ батырлар институты қалыптасты. Жан-жағынан анталаған жауларға қарсы тұруда қазақтар отбасы, ошақ қасында қалмай, ту астында жинала білді. Ұранға шық­пай, өз үйінде ...

Толығырақ »

Бейімбет МАЙЛИН АЙТ КҮНДЕРІ

– Айт құтты болсын! – Айтсын, жақсылығы бірге болсын! – Жыл он екі айда бір келген жарықтық «айт» қой, бұл күнді көрген де бар шығар, көрмеген де бар шығар… I Сәске түс. Желсіз тынық ыстық. Азғана мал ауылдың қорасында көлеңке сайын топтанып, көбі салған түтінге ықтасында тұр… ызыңдаған маса, сона, шіркей есінді таңдырғандай… Ауылдың адамының бәрі қыбырлап, ерсілі-қарсылы кезіп жүр. ...

Толығырақ »