«Бәрі де мүмкін»: Қошанов Қостанайдағы өрт әдейі ұйымдастырылды ма деген сұраққа жауап берді

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Мәжілістің кулуарында журналистердің бірі Қостанайдағы өрт қасақана ұйымдастырылғаны туралы әлеуметтік желіде қызу пікірталас жүріп жатқанын айтты. Мәжіліс төрағасы осыған қатысты өз пікірін білдірді.

Бүгінде бәрі де мүмкін. Бірақ оның барлығына тергеу және  құқық қорғау органдары өз жауаптарын беруі керек. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Сондықтан болашақта оның шешімін күтейік, — деді Қошанов.

Айта кетейік, Қостанай облысында 3 қыркүйекте орман өрті басталды.

 

Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...