Қуандық Испергенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Рудный қаласының әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Рудный әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары Виктор Ионенкоға қала әкімінің міндеттерін уақытша атқару жүктеліп, қызметке тағайындалды. Оның инженерден бастап облыс әкімінің орынбасарына дейінгі әртүрлі лауазымдарда үлкен тәжірибесі бар. Сондай-ақ Виктор Ионенко Денисов, Меңдіғара, Қарасу аудандарының әкімі болған.